• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО журналистері Түркия елінде тәжірибе алмасуда

19.07.2017
0

Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат —  бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу.

Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап,  журналистер сапарына сәттілік тіледі.  Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға  инвестиция тарту екені белгілі.  Бас коньсул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек етті. Оның үстіне Қазақстанда Қазақ-Түрік индустриялды аймағы тек осы облыста ғана бар.  Сондықтан да алда бірлескен кәсіпорындарды көбейту басты назарда тұр.

Мұнан соң тілшілер тобы Стамбул қаласындағы 16 салалық телеарналарды біріктіретін Түркияның басты телеарнасы ТРТ медиа холдингіне атбасын тіреді.  Жарты ғасырдан астам тарихы бар телеарна 1974 жылдан бері тәулік бойы 40 тілде хабар  таратуға қауқарлы.  Мемлекеттік телеарна мен радиоқұрылымын біріктірген агенттікте бүгінде  8500 қызметкер еңбек етеді.  Олар елде,  әлемде болған оқиғаларды дәл әрі объективті түрде, көрерменге дер кезінде жеткізумен айналысады.  Түстік журналистері  сапар барысында 1500 адам еңбек ететін Стамбулдағы өкілдігінде болып,  медиахолдингтің жетекшісі Абдулxамит Авсар мырзамен пікір алмасып,  әңгімелесті. Екі тарап бауырмалдық әрі әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жоспарларымен  бөлісті.

Журналистер тобы «Анадолы»  агенттігіне соғып, түркиялық БАҚ саласының даму барысымен де танысты. Өз кезегінде «Анадолы» агенттігінің Станбул қаласындағы бөлімінің басшысы Сабри Челебиоғлу оңтүстікқазақстаннан келген журналистерді қабылдап, агенттіктің жұмысымен таныстырды. 1920 жылы құрылған агенттікте бүгінде 2500 қызметкер еңбек етеді. Түрткүл дүниенің 85 елінен 11 тілде ақпарат тарататын орталықтың  әлемнің 97 елінде өкілдігі бар. Мұнда соңғы 5 жылда араб және парсы тілінде ақпарат тарататын  бөлімдер жұмыс істеп келеді. Түркиядағы газеттерде жарияланатын ақпараттың 40 пайызы, ал сайттардың 60  пайызы ақпары осы агенттіктен алынады екен.  Әлемдегі ең үздік 10 ақпарат агенттігінің қатарына кіретін орталықта күн сайын 1200 ақпарат пен 2500 фото, 310 видео таратылады. Әлемдік және түркиялық БАҚ «Анадолыдан»  материалдарды ақылы негізде сатып алады.

Агенттіктің өз қызметкерлеріне қақтығыс пен соғыс жүріп жатқан ыстық нүктелерге барып, ақпарат жинауды үйрететін орталығы бар. Бұл орталықта дайындалған тілшілер  бүгінде әскери қимылдар қызып жатқан аймақтарда жүр. Ал, тәжірибе алмасу барысында агенттік басшылығы оңтүстікқазақстандық журналистерге 3 ай көлемінде барлық ақпаратын ақысыз ұсынатын болып келісті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түлкібас – туризмнің төріне айналып келеді

Next Post

Қазақстанда «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.