• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж. Түймебаев: Елбасы мақаласы — рухани жаңғырудың жарқын жолы

14.07.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Жиынға облыс әкімі Ж. Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында өткен жиында алғашқы сөзді облыс әкімі Ж.Түймебаев бастап, Елбасының бұл мақаласы – мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжаты болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оңтүстік өңірінде іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.

«Елбасы мақаласы- рухани жаңғырудың жарқын жолы. Осы маңызды мақалада заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Осы орайда облысымызда мақаланың басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау мақсатында  арнайы спикерлер топтары жасақталып, БАҚ арқылы қызу қолдау шаралары атқарылуда, әлеуметтік желілерде пікірлер жариялануда. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі деректі фильмдер, роликтер әзірлеу қолға алынуда», — деді Ж. Түймебаев.

Бұдан бөлек, өңірімізде мақаланың мәтіні жазылған кітапшалар, әдістемелік құралдар шығарылып, таратылуда. Сондай-ақ, облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағында туристерге қызмет көрсететін ұлттық қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар сататын сауда дүкендерін және тек ұлттық тағамдар дайындайтын дәмханалар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алғашқы нысандардың бірі ретінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш ететін Отырар ауданында «Алаш» этнографиялық ауылы ашылды. Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының 6 бағытының 2-і республикалық деңгейде жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, комиссия отырысында Оңтүстік Қазақстан облысында Жобалық кеңсе жұмысы туралы өңірлік жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков, «Атамекен және азаматтық сана» тақырыбында жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолдарының өңірлік ерекшеліктері туралы «Интеллект Орда» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, профессор  Саттар Мәжитов сөз сөйлеп, негізгі бағыттарды атады.

«Жоғары оқу орындарында жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жолдары» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры Жұмахан Мырхалықов,  Жоғары оқу орындарында рухани жаңғыруға қатысты тұрақтылық пен татулық туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшев та өз пікірлерін ортаға салды.

Кездесу  сұрақ-жауаптар мен пікір алмасулармен жалғасты.  Отырыс соңында облыс әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша аудан, қала әкімдеріне, басқарма басшыларына және құзырлы мекемелерге тиісті әрі нақты тапсырмалар жүктеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.