• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше облысында күннен қуат алатын электр станциялары салынады

12.07.2017
0

Астанада Германия федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 10-шы отырысы өтті. Шара барысында қос тарап құны 973 млн еуро болатын 20 келісімге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Маңызды жиынға «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы Ерболат Досаев, Германия федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Дойче банктің басқарушы директоры Питер Тильс, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысты.

Іскерлік кеңес отырысда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен немістің DENA энергетикалық агенттігімен энергия үнемділік саласында өзара ынтымақтастық орнату, Қазақстан мен Германияның машина жасау одағымен машина жасау саласында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық орнату, ҚР ИДМ Инвестиция комитеті мен «Asadel International B.V» компаниясымен өзара ынтымақтастық орнату, ҚР ИДМ Инвестиция комитеті мен «Heildelbergcement» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық орнату меморандумдарына, Қазақстандағы Linde Group компаниясының қызметіне қолдау көрсету мақсатында «Kazakh Invest» АҚ мен Linde Group арасындағы өзара ынтымақтастық туралы шектелмелі келісімге, «ArcelorMittal Temirtau» АҚ мен Linde Group компаниясы арасында өндірістік газбен жабдықтау туралы келісімге, әрі «HILL» ЖШС (ОҚО) мен Linde Group компаниясы арасында сутекпен жабдықтау туралы алдын ала келісімге, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ мен Автоматизациялау және өндірісті жедел басқару жөніндегі Фраунгофер институты Industry 4.0 саласында өзара ынтымақтастық орнату, Оқ-дәрілерді кәдеге жарату сұрақтары бойынша әрі Қазақстанда оқ-дәрілерді кәдеге жарататын орталық құру жөнінде ниет туралы шартына, Жамбыл облысында «Күйдіргіш сода мен хлор дайындау» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге, Қазақстанның баламалы энергетика қауымдастығы мен Германияның күн энергиясы қауымдастығы (BSW-Solar) арасында өзара ынтымақтастық орнату, әрі халықаралық «Қазақпарат» агенттігі мен немістің DPA ақпарат агенттігін арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық орнату меморандумына қол қойылды.

Сонымен қатар жиында «Самұрық-Энерго» АҚ және Wind Power GmbH компаниясы арасында Алматы облысында күн энергостанциясын салу меморандумына, «Казводхоз» РМК мен «Wind Power GmbH» компаниясы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Өгем өзенінде су электр станциясының салу туралы меморандумына, «Промондис Қазақстан» ЖШС және NwComp Solar GmbH компаниясы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында қуаттылығы 25 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы туралы келісімге, «Промондис Қазақстан» ЖШС және NwComp Solar GmbH компаниясы арасында Алматы облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы 25 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы туралы келісімге, «KaDi» компаниясы» ЖШС және NwComp Solar GmbH компаниясы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында қуаттылығы 5 МВт күн энергиясы паркін салу туралы келісімге қол қойылды.

 

Сонымен қатар кеңесте «Қазгеология» АҚ және «ULMUS Kazakhstan» ЖШС арасында геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Мюнхен технологиялық университетінің еншілес ұйымы «TUM International» арасында «МТУ өндірістік-білім беру және инновациялық орталығын» және «Кешенді оқыту орталығын» құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумына, «Агротехнологияларды трансферттеу мен коммерцияландыру орталығы» ЖШС және Bosch&Schorle GmbH компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шекті келісімге шарт жасалды.

Осы орайда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров германиялық тараппен жасалған келісімнің маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін біз Еуропадағы ең көне техникалық университеттердің бірі — Мюнхен техникалық университетімен келісімге қол қойдық. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы бірлескен инновациялық орталық құру туралы келісім. Мұнда біз демеуші тарап ретінде қатысып отырмыз. Біз үшін Президент жолдауы аясындағы «Индустрия 4.0» бойынша адам капиталы басты фактор болып саналады. Бұл келісім бізге «Индустрия 4.0» бағдарламасын жүзеге асыру үшін білікті кадрларды дайындауға мүмкіндік береді», — деді ол.

Марат Омаровтың айтуынша, жобаның құны 5 жылға 15 млн долларды құрайды. Жоба бойынша Назарбаев университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетінің қызметкерлері білімдерін жетілдіреді.

«Бұл алаңда қосарлы оқыту тәсілі қолданылады. Мұнда қызметкерлерге оқу мен тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері беріледі. Әзірге бірлескен инновациялық орталық құруды ғана талқылап жатырмыз. Біздің тарапымыздан қаржыландыру, ал немістерден беру модульдері, тренингтер, тәжірибелік семинарлар және т.б. шаралар қарастырылған. Жоба аясында алдағы жылы 250 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз», — деп түйіндеді сөзін төраға.

Айта кетейік, елордада өткен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 10-шы отырысында құны 973 млн еуро болатын 20 келісімге қол қойылды. Кеңеске жалпы 130 өкіл қатысты. Оның 50 делегаты неміс тарапынан болса, 80-нен астамы Қазақстан тарапынан.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.