• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді

30.06.2017
0

 Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бастысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн.  Бұл туралы Қазығұрт  ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Нұр-айдар» шаруа қожалығының жұмысымен танысқан  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

 Қазығұрт ауданы Жіңішке ауыл округіндегі  «Нұр-Айдар» шаруа қожалығы 3 жылдан бері  таңқурай өсіріп келеді. Алғашында үй іргелік 7 соттық жерге таңқурай егіп дағдыланған Еркін Шерәлиев бүгінде нағыз білгір маманға айналған. Қазір ол 3 гектар жерді 49 жылға жалға алып, күніне 200 келі таңқурай жинауда.

 «Таңқурайдың келісін 700 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл жеміс дақылың әр түбі 2-3 келіден өнім береді. Ал маусымында 1 гектардан 12 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Жиын –терім жұмыстарына 20-ға жуық ауыл тұрғындары тартылып, әр қайсысына күніне бір келі терсе 150 теңгеден ақы төлеп жатырмыз. Жұмысшылардың тамағы тегін.  Мұндағы жұмысшылар күніне орта есеппен 2000-3000 теңгенің көлемінде ақша табады»,- дейді қожалық төрағасы Еркін Шерәлиев.

Негізінен таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі.  Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр.  Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.

«Біз осындай іскер әрі бағбан  азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар»  шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан соң облыс әкімі С. Рақымов ауыл округіндегі «Қазығұрт» сауықтыру орталығы мен балалар лагерінің  жұмысымен танысты. «Нұрлан» шаруа қожалығының иегіліне қарайтын демалыс аймағы 2011-2013 жылдары бой көтерген. Жалпы алаңы 2 гектар жерде 44 орындық 11 котедж, 2 қабатты демалыс үйлері, спорт алаңы, асхана, бассейні бар. Жалпы демалыс аймағына 300 млн теңге инвестиция салынған. Демалыс аймағында бұдан бөлек,  атпен серуендеу және бие ұсталып, саумал орталығы жұмыс істейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: 1zoom.ru

Previous Post

«Кселл» Қазақстанның тағы жеті қаласын 4G/LTE желісімен қамтыды

Next Post

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚТЫ ҚАРЛЫҒАШТАР

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.