Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»ҚР Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалыхова оңтүстікте жүр
    Денсаулық

    ҚР Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалыхова оңтүстікте жүр

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.12.2015458 Views

    Шымкент қаласында Мемлекеттік хатшы, ҚР Президентінің жанындағы әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Халықаралық  форум өтті. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда-әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты  форумға облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, Ұлттық комиссия мүшелері,  халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдарының, және азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысты.  Қоғамдағы әйелдердің рөлі мен қоғамдық-саяси ілгерілету және нәзік жандылардың шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы үлестерін арттыру мәселелері жан жақты сөз болған форум маңызы айрықша.  Форум жұмысын облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов құттықтау сөзбен ашып берді. Ал өз кезегінде Мемлекеттік хатшы, ҚР Президентінің жанындағы әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мұндай келелі басқосуды ұйымдастыруға ұйытқы болған әкімдікке өз алғысын білдіріп өтті.004Сондай –ақ баяндама барысында Гүлшара Наушақызы отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне және нәзік жандыларды қоғамдық саяси ілгерілету мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша соңғы бес жыл ішінде ОҚО-да ана мен бала  өлімі 2 есеге төмендеген.  Десе де туу көрсеткіші жоғары өңірде бұл нәтижені әрмен қарай да жақсарта түсу қажет. Бұл ретте Гүлшара Әбдіқалықова  жергілікті жердегі медицина мамандарының біліктілігін арттыру қажет деп санайды. Сондай –ақ жыл басынан бері ОҚО-да әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету фактілері бойынша 11 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл жайттың да алдын алу қажеттігіне әкім назарын аударған ұлттық комиссия төрайымы әйелдер арасындағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу көрсеткішін арттыру қажеттігіне де кеңінен тоқталды.007Осындай келелі ойлар мен ұсыныс пікірлер ортаға тасталған форум барысында ұлттық комиссия мүшесі,  Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Раушан Сәрсенбаева да баяндама жасап, әйел азаматшалардың кәсіпкерлік саласындағы үлестері әлі де болса төмен екендігін жеткізді. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алып өз кәсібін ашқан нәзік жандылардың саны тұрғыны мол ОҚО-да әзірге аздау болып тұр. 005Ал өз кезегінде мінбеге шығып сөз алған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Республикалық «Экомед»  адам ұрпағын өрбіту орталығының директоры Салтанат Байқошқарова  Оңтүстік өңіріндегі ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелерге кеңінен тоқталды. Салтанат Берденқызының сөзінше елімізде дүниеге келетін әрбір төртінші бала Оңтүстікте туылады. Алайда ана мен бала өлімінің көрсеткіші мұнда  әлі де жақсы деуге келмейді. Айталық жыл басынан бері өңірімізде 8 ана көз жұмған.  Сондықтан әйелдерге  медециналық көмек көрсету сапасын барынша жақсарта түсу қажет.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.