Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    Айғақ MEDIA

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.12.202562 Views

    Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты.  Бүгінгі таңда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2029 жылға дейінгі жоспардың 83 пайызы орындалған. Соңғы бес жылда 2,7 миллион адам еңбекке тартылды. Сапалы жұмыс орындарын көптеп ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асырылуда. Биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға азайғаны жайында ақпарат берді. Нәтижесінде ресурстарды шын мәнінде мұқтаж жандарға қайта бөлу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде мұндай көмек түрін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұмсалады. Өндірістік жарақат алу 6,5 пайызға, ал кісі өліміне әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлімдеді. Ұсынылған дерекке сәйкес, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілген, 27 мың азамат инватакси көмегіне жүгінген. Биыл базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін ұлғайтылғанын жеткізді.  Жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индексациялау жүргізіледі. Жұмыс беруші тарапынан төленетін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп, 2028 жылға қарай 5 пайызға жетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 65 пайызы жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары саналады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы: жұмыспен қамту сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау тетіктерін одан әрі цифрландыруға, еңбек қатынастарындағы қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын күшейтуге, зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.