Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттің бас полицейі прокурорды айыптау үшін видеоны монтаждап алыпты
    Жаңалықтар

    Шымкенттің бас полицейі прокурорды айыптау үшін видеоны монтаждап алыпты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2017Updated:16.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкенттік бас полицей прокурорға қатысты бейнежазбаны өзіне керектей етіп монтаждап алған. Сөйтіп қадағалаушы орган өкілін орынсыз айыпты етіп көрсеткісі келген. Мұндай мәлімдемені бүгін қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Нұрлан Әлиев мәлімдеді. Аталған әкімшілік істі қараған судьяның сөзінше, сот отырысы барысында облыстық прокуратураның аға прокуроры Нұржан Полатовтың спирттік ішімдік ішіп рульге отырмағаны дәлелденген. Көлікті оның досы Б.Мамырбаев тізгіндеген. Сотта жауап беру барысында Нұржан Полатов көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкерлерінің жанында олардың басшылары – Данияр Мейірхан болғанын айтқан. Оның айтуынша, қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы оған «Сен облыстық прокуратура қызметкерісің ғой, жергілікті полиция қызметкерлерін прокуратура тексеріп, мазалап жатырсыңдар» деп дөрекі сөйлеп, бас араздығы бар екенін білдірген. Содан азаматтық киімде болған бас полицей рациямен бірнеше қызметтік көлікті шақыртқан. Басшының айтуы бойынша қызметкерлері хаттамаға рульде қадағалау органы өкілі отырған деп толтырған. Бұл сөзді әкімшілік хаттаманы толтырған полиция қызметкері де растап, сотқа берген  жауабында прокурор мінген көліктің жол ережесін бұзғанын көрмегенін жеткізіпті. Осы жауаптарды негізге алған судья сотқа қайта талап арыз түсірген прокурордың  өтінішін қанағаттандырып, жергілікті полиция қызметкерлері толтырған хаттаманың күші жойылғанын айтты. Әрі дүйім жұртқа жария етілген бейнежазба да шындыққа жанаспайтынын тілгі тиек етті. «Полатовты тоқтатқан кезде Данияр Мейірхан сол жерде болған. Ол өзінің сымтетік құралына түсірген бейнежазуды, өзіне керектей етіп монтаждап алған. Және жүргізушіге қатысты хаттаманы толтыруға құқығы болса да, өзі хаттаманы толтырмаған»,-дейді судья Нұрлан Әлиев.

    Еске салайық, Шымкентте жергілікті полиция қызметкерлері облыстық прокуратура қызметкерін ішіп алып, көлік жүргізді деп айыптаған болатын. Тіпті оның рульде болғанын дәлелдейтін бейнежазбаны жария еткен еді. Алайда қадағалау органының өкілі полицейлердің оған қатысты әкімшілік хаттама толтыруын заңсыз деп, сотқа кері шағым түсірген болатын.

    halyknews.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.