• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

01.06.2017
0

Өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 279 қаулысымен енгізілді. Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және 2017 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы өзгерістер, ең алдымен, «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсіміне, сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін кіріс өлшемшарттарға қатысты.

Академиялық бағдарламалар үшін үміткерлердің барлық санаттарына іріктеудің жаңа қағидаларына сәйкес бакалавр немесе маман дипломының орташа балына қойылатын талаптар 3,0-ден 3,3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді.

Одан басқа «магистратура» бағдарламасы бойынша үміткерлердің барлық үлестік санаттары үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің өлшемшарттары IELTS жүйесі бойынша 5,0 балдан 5,5 балға дейін көтерілді.

Сонымен «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде IELTS 5,0 қалады. Сонымен бірге IELTS 6,5 және одан жоғары сертификаты бар, сондай-ақ GPA 3,3 және одан жоғары дипломы бар тұлғаларға конкурсқа қатысу үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды.

Осы санат магистр дәрежесін алу үшін стипендиаттардың басқа санаттарымен қатар, оқу елінің білім беру және әлеуметтік-мәдени ортасына бейімделу мақсатында 2 айға дейінгі мерзімде оқу алдындағы даярлықтан өту мүмкіндігін береді.

Стипендиаттарды оқыту үшін Жоғары оқу орындары тізімі жалпы көрсеткіштер бойынша әлемдегі 70 үздік жоғары оқу орнынан, сондай-ақ мамандықтар бойынша әлемдегі 20 үздік жоғары оқу орнынан Times Higher Education, Academic Ranking of World Universities және QS World Universities Rankings сияқты халықаралық танымал рейтингтік агенттіктердің мәліметтеріне сәйкес қалыптастырылғанын да атап өту керек.

Одан басқа стипендия тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсіміне өзгерістер енгізілді. 2017 жылдан бастап конкурс 6 (алты) кезеңнен тұратын болады.

Бірінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар үміткерлерді уәждемелік және ұсыным хаттар бойынша әзірленген өлшемшарттарға сәйкес іріктеуді жүргізеді. Уәждемелік хат ерікті нысанда жазылатын және таңдалған оқу елі мен мамандыққа қатысты дәлелдерді келтірумен жеке көзқарастар мен пікірлер сипаттамасын қамтитын шығарма болып табылады.

Екінші кезеңде үміткердің шет тілін меңгерген деңгейі анықталады.

Үшінші кезеңде үміткердің мемлекеттік тілді меңгерген деңгейі анықталады.

Төртінші кезеңде үміткерді психологиялық диагностикадан өткізуді, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен тарихын білуін тестілеуді қамтитын кешенді тестілеу өткізіледі.

Бесінші кезең Тәуелсіз сарапатамалық комиссиямен жеке әңгімелесу нысанында өтеді, онда үміткердің кәсіби даярлығының деңгейі, сондай-ақ мамандану бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білуі бағаланады.

Осыдан кейін қорытынды материалдар ҚР Мемлекеттік хатшысы төрағалық ететін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Сонымен қатар үстіміздегі жылда бағдарлама шеңберінде тағылымдамадан өту тәсілдемелері де өзгертілді.

2017 жылда шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өту үшін келесі санаттар белгіленді: «ғылыми қызметкерлер» және «Астана» халықаралық қаржылық орталығы қызметкерлері». Сөйтіп, тағылымдамалар бағдарламасы әлемдегі жетекші зертханалар негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді өткізу үшін ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары немесе олардың ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлеріне бағытталған.

Одан басқа бағдарлама түлектерінің міндетті еңбекпен өтеуі бойынша биылғы жылдан бастап жұмыспен өтеудің Астана мен Алматы қалаларында 5 жылдың орнына, өңірде 3 жылдық баламалы мерзімімен «орталық-өңір» үлгісі бойынша сараланған тетігі енгізіледі. Осы тетік түлектердің барлық санаттарына таралады.

Соңғысы осы жылы құжаттарды «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) мен «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» порталы арқылы электронды қабылдауға толығымен ауысу қамтамасыз етіледі.

Конкурстық рәсімдер 2017 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін үздіксіз режимде өтетінін атап өту керек. Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 29 мамырдан 15 қыркүйекке дейін өтеді. Стипендия тағайындау конкурсы 2017 жылғы 5 маусымнан 20 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.