• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлер халық алдында есеп беруді бастады

29.05.2017
0

ҚазАқпарат — Осы аптада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова аптаның оқиғалар күнтізбесін баяндау барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгін 29 мамырда атқарылған жұмыстар туралы Қоғамдық кеңес алдындағы есепті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастайды. 31 мамырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің, ал 1 маусымда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдындағы есеп беру кездесулері өтеді.

Сонымен бірге, аптаның алғашқы күні ҚР Сенатының Аграрлық мәселелер, жер қойнауын пайдалану, және ауылдық аумақты дамыту комитетінің кеңейтілген отырсында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік және жануарлар әлемі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланады.

30 мамырда Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы ҚР және РФ үкіметтері арасында авиациялық іздеу және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылауға арналады.

31 мамырда Сенатта Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселесі өңір депутаттар тобының дөңгелек үстелінде талқыланады.

1 маусымда ҚР Парламентінің күнтәртібінде Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Қатысушылар ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару, дамыту бойынша өзгертулер мен толықтыруларға қатысты заң жобасын талқылайды. Сондай-ақ, бұл күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің дөңгелек үстелі отырысында «100 нақты қадам Ұлт жоспары» аясындағы ақпараттың қолжетімділігі туралы заңнын орындалуы талқыланады.

Орталық мемлекеттік органдарда да бұл аптаға бірқатар маңызды шаралар жоспарланған. Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен бірлесіп, 31 мамырда аяқталатын «Мызғымас бауырластық — 2017» бірлескен жаттығуын бастайды.

2 маусым күні ШЫҰ мүше мемлекеттері, мәдениет министрлерінің кеңесі өтеді.

Осы аптада барлық өңірлерде саяси Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар ұйымдастырылады. 29 мамыр күні Таразда «Ел рәміздері елдігіміздің берік негізі» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтеді.

31 мамырда Павлодар және Ақтөбе облыстарында митингтер өтіп, гүл шоқтарын қою рәсімі болады.

1 маусымда Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Қостанай, Батыс және Шығыс Қазақстан облыс орталықтарының басты көшелерінде балалар мен жастардың музыкалық ансамблдерінің шеруі өтеді.

Бұл аптада Орталық коммуникациялық қызметі алаңында бірқатар баспасөз конференциялары өтеді. Бүгін 70 Канн халықаралық кинофестивалінен келген қазақстандық делегацияның ең жарқын сәттері туралы Еуразия кинофестивалінің президенті, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып береді.

2 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы киелі орындар бойынша «Kazakh geography» географилық қоғамының экпедициясы және оның ерекшелігі туралы Назарбаев Университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин әңгімелейді.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.