• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Н.Романова: Өмірдің өзі латын таңбаларына өтуге мүмкіндік беріп отыр

25.05.2017
0

Бүгінгі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХ сессиясында қоғам үшін өзектілігін жоймаған мәселелер мен бірлесе атқаратын ауқымды жұмыстардың жай-жапсары ассамблеяның диалог алаңында кеңінен талқыланды.

Еліміздегі жүзден астам этностың басын біріктіріп отырған ассамблея қашанда халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелерді талқылап, олардың оң шешілуіне сүбелі үлес қосып келген.

Жиында қоғамда кең талқыланып жүрген қазақ алфавитін кезең-кезеңімен латын графикасына көшіру туралы өз пікірімен білім беру саласының қызметкеріШымкент оқушылар сарайының директоры Наталья Романова бөлісті.

Ол ұлттық жаңғырудың нақты жобаларының бірі  — қазақ тілінің кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу мәселесі жуырда ғана көтерілген дүние еместігін атап өтті.

«Өмірдің өзі бізге дамудың даңғыл жолына айналған  латын таңбаларына өтуге мүмкіндік беріп отыр. Технологиялық прогресстің тілі ретінде латын әліпбиінен бастау алатын ағылшын тілі айқындалған. Сондықтан біз ғылым мен техниканың қайнар көзіне баланған латын графикасына көшуге талпынуымыз қажет. Латын таңбалары біріншіден, байырғы қазақ сөздері мен ұғымдарын дәл беруге септігін тигізсе, екіншіден, шетелдік азаматтардың қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыра түспек»,-деді Наталья Романова.

Мұнан соң, еліміздің солтүстік өңіріне қоныс аударған 25 отбасыны бастап барып, оңтүстікқазақстандық 70 адамның Қызылжар аймағына орнығуына үлес қосқан белсенді азамат Бауыржан Үсеновке сөз берілді.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғанын айтқан «Жаңа Ел» ЖШС директорының орынбасары Бауыржан Үсенов солтүстікте қолында дипломы бар кез келген маманға жұмысқа орналасуға мүмкіндік жеткілікті екенін айтты.

«Оңтүстіктен жиналған 25 отбасы бірлесе көшіп, Шоқан Уәлиханов ауданының Қондыбай ауылына жайғастық. Үкімет тарапынан белгіленген жәрдемақыға қол жеткіздік. Ең бастысы, барлығымыз баспанамен қамтылдық. Барлығымыз бір серіктестікке бірігіп, 7 мың гектар жерді игерудеміз. Бұл үшін бізге лайықты қолдау жасаған Мемлекет басшысына айтар алғысымыз шексіз»,-деді Бауыржан Үсенов.

Бүгінде еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылғанын айтқан ол, былтыр барғандармен бірлесе 2 наубайхана мен тойхана, дүкен ашқанын және мал бордақылау алаңдарын соғуды қолға алғанын жеткізді.

Талай толымды дүниелер баяндалған сессия жұмысында Ауғанстан Республикасының азаматы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Ясир Рашидте қазақ тілінде өз ойын жеткізді.

Әлемнің 32 елінен келіп білім алып жатқан Қазақстандағы беделді де сапалы білім беретін оқу орнында оқып жатқанын қуананышпен жеткізген 2 курс студенті Ясир Рашид Ауғанстан жастарына осындай көмек берген Қазақстанға, оның халқына үлкен алғысын жеткізді.

«Тағы бір мақтанатыным, қазақ тілін 2 айдың ішінде толықтай меңгеріп алдым. Кез келген қазақпен қазақша сөйлесе алатын дәрежеге жеттім. Қазақ тілін білудің пайдасын көрмесем, зияны тиіп жатқан жоқ. Бұл осы мемлекетте жүргізіліп отырған саясаттың арқасы. Менің өмірінің жастық шағы от пен оқтың арасында өтті. Мен сияқты мыңдаған ауғанстандық жастар, Қазақстандағы бейбіт заманға қызыға қарайды. Барлық кезде де бейбітшілік пен бірліктің, татулықтың қадірін білейік»,-деді студент.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.