Облыс әкімдігі мемлекеттік-жекешілік әріптестік бағытындағы жобаларға байланысты міндеттемелерді қабылдады. Күні кеше тұрақты комиссия отырыстарында қаралған мәселе кезекті сессия отырысында бекітілді. Енді жергілікті билік жеңімпаз кәсіпкерлермен келісім-шартқа тұрып, серіктестік тарапынан жұмсалған шығындарды өтейтін болады. Қос тарапқа тиімді деп табылған жоба аясында, алдағы күндері өзге де салаларға қарқын берілмек.
Жомарт Бегімбет