• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыста жергілікті мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары іске асырылуда

23.05.2017
0

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын.

Сонымен қатар, Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін дамыту мәселесіне айрықша тоқталып өткен болатын.

2015 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа «Мемлекеттік- жекешелік әріптестік туралы» арнайы Заң қабылданып, ережесі бекітілді. Аталған Заңының қабылдануына байланысты 4 кодекске (бюджеттік, азаматтық, жер, кәсіпкерлік) және 7 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Жаңа заңнамада халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал жасайтын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрлым нысандарын салу, қайта құру немесе пайдалану процесіне мемлекет пен жекеше әріптестік арасындағы қатынас орнату барысында жобалардың тартымдылығын арттыру мақсатында ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының аясы кеңейтілген.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері облыстық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясында қаралды. Комиссия отырысына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының міндентін атқарушы И.Шалабаев аталған мәселелер бойынша төмендегіні хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2016 жылы 5 жобаның тиісті құжаттары (жоба тұжырымдамалары, конкурстық құжаттамалар, тиісті сараптама қорытындылары) рәсімделіп, желтоқсан айында конкурстар жарияланды. Ағымдағы жылдың сәуір айында, конкурс нәтижесі бойынша 5 жеке әріптес анықталады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ шешімімен жергілікті жекешелік-әріптестік жобаларының тізбесі бекітілген.

Бүгінгі таңда келісім-шарт жобасы жасалып, мемлекеттік міндеттемелерді алу үшін облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылып отыр.

Инвистициялық шығындарды қайтару және басқарғаны үшін сыйақы төлемдерінің негіздемесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 3-тарауының 10-тармағына сәйкес, МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржы-экономикалық үлгіні (бұдан әрі – ҚЭҮ) пайдалана отырып жүргізіледі.

Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – БЖАҮС) жобаның тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында жобадан табатын табыс (жобаның тиімділігі) нормасын 20 пайызға дейінгі мөлшерде анықтау орынды деп есептелген. Табатын табыс көлемі 14 пайыздан төмен болған жағдайда, банк депазитімен бәсекелесе алмайды, яғни жоба тартымды болып саналмайды.

Біздің ұсынып отырған қазіргі жобалардың табыс көлемі келесідей пайызды құрап отыр:

  1. Шымкент қаласының әкімшілік іскерлік орталығы жаңа тұрғын үй алқабындағы 320 орындық бала бақшаның құрысы бойынша 17,3%;

БЖАҮС – 30 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 20 988 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.

  1. Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылындағы 140 орындық бала бақша құрылысы (16,9%);

БЖАУС – 15 млн. теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға  30 381 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылған.

  1. Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы 240 орындық бала бақша құрылысы (17,1%);

БЖАҮС – 30 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 25 860 теңге. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.

  1. Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылындағы 100 орындық бала бақша құрылысы (15,4%).

БЖАҮС – 27,160 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Жан басына қаржыландыру әр балаға – 22 200 теңге. Операциялық шығындардан зиян шегеді. БЖАҮС операциялық шығындардың белгілі бір мөлшерін өтеу негізінде белгіленген.

  1. Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» мөлтек ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы (18,3%).

БЖАҮС — 80 млн.теңге көлемінде белгіленген, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында белгіленген. Операциялық шығындардан пайда қарастырылмаған.

БЖАҮС мөлшерімен жеке кәсіпкерлер конкурс өтінім жасаған уақытында келіседі, және БЖАҮС мөлшерін ең төмен ұсынған конкурс өтінімдері үздік деп танылған. Кірістіліктің ішкі нормасы 20 пайызға дейінгі деңгейде БЖАҮС орынды және тиімді болып есептелінеді.

Жобалардың келісім шарт мерзімі.

ҚР МЖӘ туралы заңы және оның ережелері, МЖӘ келісім-шарт мерзімін 3-30 жыл аралығында белгіленген. Жоба келісім-шартының нақты мерзімі бюджет әкімшісі ҚЭҮ негізінде айқындайды.

Ұсынылып отырған бала-бақшалардың құрылысы бойынша келісім шарт мерзімдері 15 жыл болып белгіленген, оның негіздемелері:

-15 жыл өткен соң нысан күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Күрделі жөндеу жүргізуге және оны әрі қарай басқаруға конкурс ұйымдастырылады, жеке әріптестік анықталады.

-15 жыл өткен соң білім стандарттары өзгеруі мүмкін, мектепке дейінгі білім беру саласы реформалануы мүмкін.

Инвестициялық шығынды 5 жылда қайтару, ол банк несиесінің орташа мерзімі негізінде анықталған.

Емхана құрлысы бойынша келісім-шарт мерзімі 20 жылға анықталға, оның негіздемелері:

— 20 жыл өткен соң нысан күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Күрделі жөндеу жүргізуге және оны әрі қарай басқаруға конкурс ұйымдастырылады, жеке әріптес анықталады.

— 20 жыл өткен соң денсаулық сақтау стандарттары өзгеруі мүмкін, денсаулық сақтау саласы реформалануы мүмкін.

— Инвестициялық шығынды 6 жылда қайтарылады.

— 20 жылдық келісім-шарт жобалаудың тағы бір негізі, жоба құны жоғары болғандықтан жеке кәсіпкер ұзақ басқаруды қалайды, және жоба құнының жоғары болуы негізінде банк несиесін ұзақ мерзімге тарту мүмкіндігі болады, және бюджет ауыртпашылығын да азайту мақсатында жоспарланды.

Фото: Казинформ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.