Астанада Қазақстан – Біріккен Араб Әмірліктері бизнес-форумында маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжаттарды бекіту рәсіміне ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек пен БАӘ Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Мухаммед Шараф қатысты.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Біріккен Араб Әмірліктері Кәсіпкерлер палатасының және Индустрия федерациясының арасындағы Қазақстан-БАӘ Бiрлескен бизнес кеңесiн құру бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы инвестиция мен бизнес мүмкiндiктерін күшейту бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекітті.
Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда, бүгінгі шараға Біріккен Араб Әмірліктерінің 60-қа жуық компаниялары өкілдерінің және Қазақстанның 250-ден астам кәсіпкерлері қатысуда.
«Бұл біздің елдер арасындағы іскерлік қатынастардың дамуының жоғары деңгейін дәлелдеп отыр. Екі ел арасындағы байланыстар достық пен өзара сенімгерлікке негізделген. Бүгін біз екіжақтық сауда-экономикалық байланыстардың дамуының оңтайлы қарқынын байқап отырмыз»,-деді министр.
Дереккөз: naryk.kz