• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЭКСПО-да Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді

23.05.2017
0

ҚазАқпарат — Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Әлем назары ауатын ауқымды шараның көркін қыздыруда оңтүстік өнерпаздары жаңаша бағытта, ешкімді қайталамайтын қазіргі заманға лайықты туындыларымен ерекшеленуі керек. Іс-шара жоспары бекітіліп, кешенді дайындық қажет. Ел абыройын асқақтатар тұста қай салада болмасын аянып қалмауға тиістіміз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында баяндама жасаған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысынан 610 адамнан құралған 17 шығармашыл ұжым қатысып, өнерлерін көпшілікке ұсынатынын жеткізді. Оның ішінде жергілікті 22 қолөнер шеберлері де бар.

«Мәдени шара барысында «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі, концерттік бағдарламалар, оңтүстікте түсірілген анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер жұрт назарына ұсынылады. Сондай-ақ Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма және орыс драма, қуыршақ, әзіл-сықақ және сатира театрлары мен Оңтүстік-Цирктің қойылымдары Астана жұртшылығы мен көрме қонақтарының көзқуанышына айналады », — деді мәдениет басқармасының басшысы.

Айта кетейік,оңтүстіктің мәдени күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады. Мерекелік концертте Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Тұмар фольклорлық ансанблі «Қазына»,«Тұмар» би ұжымдары өнер көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры, жеке солистері, балет труппасы, «Биг-бенд» эстрадалық джаз ансамбльдері көпшілікке өз өнерлерін паш етпек.

Бұдан бөлек, ЭКСПО қалашығының амфитеатрында «Нұрын шашқан -Оңтүстік» атты Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар Астанадағы «Қазанат» ипподромында бой көтеретін этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысынан талапқа сай бірнеше киізүй тігілетін болады.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналып 10 185 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде облыстық басқармалар тарапынан 1361 ал, аудан- қалалардан 8 800-ге жуық мерекелік шара ұйымдастырылмақ.

 Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте №42 Хамза атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Үш тілде білім беретін оқу орнының тозығы жетіп, ғимаратты жаңарту қажеттілігі туындаған...

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалды. Шымкенттегі білім ошақтары қызу дайындықта. 7 білім ұясы күрлелі жөндеуден өтіп, құрылысшылар соңғы...

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте 1985 жылы пайдалануға берілген мектеп толық жаңартылып жатыр. 40-жылда мыңдаған түлектің түлеп ұшуына жол ашқан алтын ұя кеңестік педагог...

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
22.09.2026
0

2009 жылы пайдалануға берілген Мұхтар Әуезов атындағы №96 мектеп қайта жаңарып жатыр. Материалдық-техникалық базасы мен инженерлік жүйелері едәуір тозған алтын...

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкент қаласындағы №16 мектепте ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы пайдалануға берілген ғимарат әуелде 300 оқушыға лайықтап салынған. Алайда жыл...

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары қарқын алды.Нысанды күрделі жөндеуге 117 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһар бойынша 7 білім...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.