Талгат Сатышевич Сейдуалиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Кентау қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хаарлайды ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Т.Сейдуалиев 09.01.1969 жылы Шымкент облысы Жетісай ауданы Жетісай ауылында туылған. Білімі жоғары, 1994 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1994 жылдың қыркүйек айында Жезқазған қаласы прокуратурасының аға тергеушісі міндетін атқарушыдан бастаған. Содан, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ҚСжАО-ның бөлім прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотта қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау Басқармасының прокуроры, бөлім прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.