• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Лейкоз ауруына шалдыққандарға донорлар көмектесiп келедi – Қан орталығы

16.05.2017
0

Өкiнiшке қарай, елiмiзде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып барады. Жасты да, кәрiнi де аямайтын «жаман аурумен» дәрiгерлер жұмыла күресуде. Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірiстік орталығы Тіндерді иммунологиялық типтеу бөлімінің меңгерушісі Аида Тұрғанбекова Baq.kz тілшісіне лейкоз ауруын емдеуде орталықтың атқарып жатқан жұмысы жайлы әңгiмелеп бердi.

«Бөліміміз Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының құзырында. 2009 жылы Орталық салынғаннан бастап жұмыс істеп келеміз. 2011 жылы органдарды және тін жасушаларын (стволовые клетки) трансплантациялау үшін жаңадан зертхана ашылды. Яғни, осы кезден бастап қызметіміз кеңейiп, трансплантацияға сүйемелдеу жасап келемiз. Бiз пациент пен донор органдары мен тiн жасушаларының сәйкестiгiн анықтаумен айналысамыз. Орган трансплантациясы дегенiмiз – науқастың бүйрек, бауыр, жүрек және тағы басқа органдарын алмастыру болса, тін жасушалары трансплантациясы дегенiмiз – лейкоз ауруын емдеу үшiн жасалатын медициналық процесс. Лейкоз (қан обыры немесе ақ қан) – қан құрамындағы қалыпты физиологиялық клеткалардың өз қызметін атқармайтын нашар клеткаға айналуы, олардың құр бос айналып, көбейе беруі. Бұндай науқастарға дәрі беріп, сәулелі терапия жасап, нашар клеткалардың барлығын жою керек. Содан кейін сау жасушаларды қалпына келтіру үшін науқасқа сәйкес тін жасушаларын құю қажет. Тiн жасушалары донордың қанынан немесе сүйек кемiгi сұйықтығынан қажеттi мөлшерде алынады. Жасушалар пациенттің қанына құйылады. Ол сүйегіне сiңiп, орналасады, осы арқылы жаңа клеткалардың бөлінуін қамтамасыз етеді. Пациент пен донордың тін жасушаларының сәйкестігі 100 пайыз болуы тиiс. Көбінесе науқастың туған ағайындары, яғни бауыры, сіңілісі, ағасы не әпкесі донор бола алады. Туыстарынан табылмаса, тiзiмдегi донорлардан көмек сұраймыз. Пациентке қанның сіңісіп кетуi, оның ағзасының жасушаларды қабылдау-қабылдамауы тұрақты тексеріліп тұрады», — дейдi Тұрғанбекова.

7bf93228722d194cce7e974e63fea9eb

Маманның айтуынша, тін жасушалары адамның сүйек кемiгiнде болады. Оларды қанға түсiру үшiн донорға арнайы препараттар инемен салынады. Одан кейiн тамырдан қан алынады. Бүкiл процесс 5-6 сағат алуы мүмкiн. Осы уақытта донор дәрiгерлердiң жiтi бақылауында болады. Сондықтан, донордың денсаулығына ешқандай қауiп төнбейдi.

0c4d7f910552955aa8527caf1b16b1a1                                                                                                              Аида Тұрғанбекова

«Дегенмен, кейде препараттар клеткалардың қанға түсуін қамтамасыз етпейді. Адамның иммунитеті мықты болса, жасушалардың қанға түсуі қиындайды. Әрине, мұндай жағдай сирек кездеседi. Ондай жағдайда жасушалар донордың арқасындағы сүйегiнен пункция жасау арқылы алынады. Пункция біздiң орталықта жасалмайды, ол онкология, трансплантология, гематология бөлімдерiнiң операция залында жасалады. Пункция жолымен алынған сұйықтыққа қанмен бірге майлы клеткалар, сүйек сынықтары түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан, сұйықтықты біздің орталыққа қайта жібередi. Қан орталығында Криобиология бөлімi бар, сол жерде қан тазартылып, тін жасушалары ғана бөлініп, құюға дайын етiп жіберіледі. Пункция әлем елдерiнде кең тараған медициналық процесс, оның донор денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Сүйек кемігі бір тәулік ішінде қайта қалпына келеді. Осы уақытта донор дәрігерлердің бақылауында болады», — деді Аида Тұрғанбекова.

1fdfef274b49ad5ae717c248a365e960

Бөлiм меңгерушiсiнiң айтуынша, орталықта қан мен тiн жасушалары донорларының тiзiмi бар. Лейкоз ауруына шалдыққан науқастарға қан өте көп қажет, соны түсiнiп, тұрақты түрде қан мен жасушаларды тапсырып тұратын 4,5 мың донор бар. Дегенмен, кейде құйылған адамдарға жасушалардың пайдасы болмай, донор қайта іздестірілiп жатады. Кейбiр пациенттер жазылып, бiрнеше жылдан кейiн ауру қайталануы мүмкiн. Онкологиялық ауруға шалдыққандар арасында тін жасушалары құйылғаннан кейiн дертiнен құлан таза айығып кететiндер де бар. «Бұл бір Алланың қолында, оны біз болжай алмаймыз», деп түйiндедi маман.

Естеріңізде болса, бұған дейін Тіндерді иммунологиялық типтеу бөлімінің орган трансплантациясындағы рөлі мен қан тапсырудың пайдасы жайлы жазған болатынбыз.

Дереккөз:  baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРДЕГІ АШЫҚ ӘҢГІМЕ

ӘСКЕРДЕГІ АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Айғақ медиа
13.05.2026
0

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті....

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.