Алматыда Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекаралық қызмет академиясынан он Макаров пистолеті ұрланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзірге қару қалай ұрланғаны белгісіз. Дегенмен оның ұрланғаны туралы факті ресми түрде расталып отыр.
Қаруды ұрлағандар әлі табылмай жатыр. Алматы полициясының барлық бөлімшелеріне қажет ақпарат жіберілді. Факті бойынша ресми түсініктеме алу әзірге мүмкін болмады. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Дереккөз: nur.kz