Бүгінгі көрмеге Ташкент қаласының 230-ға жуық тауар өндірушілері қатысты. Онда машина құрастыру, тамақ өнеркәсібі, құрылыс өндіретін кәсіпорындардың тауарлары ұсынылды.Аталған іс-шараның өтуіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың үстіміздегі жылдың наурыз айында Өзбекстан Ресупбликасына жасаған сапары себеп болды. Бауырлас халықтар арасында сауда-саттық қарым-қатынасын әрі қарай нығайтуға көзделген көрмені Ташкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Назим Хусанов бастап келді. Екі тараптың ресми кездесуі барысында Жансейіт Қансейітұлы аталған көрменің нәтижесінде,Өзбекстан мен ОҚО арасындағы экономикалық қатынастың жанданатындығына сенетіндігін айтты.
Айта кету керек, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құраса, оның 30 пайыздан астамы облыстың еншісінде.
Көрме 12-13 мамырда аралығында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өтеді.