• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЭКСПО-дағы ең ірі шетелдік павильон Германияға тиесілі

12.05.2017
0

10 маусым және 10 қыркүйек күндері Астанада өтетін EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінде Германия павильоны болашақта қала өмірі қалай өзгереді, қандай көлік құралдарын пайдаланамыз және қандай үйлерде өмір сүреміз деген сұрақтарға болжам жасайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павильонның кіреберісінде Германияның 16 федералды жерлерінің (Laender) презентациясы ұсынылады. Осылайша, келушілер павильонға кірмей тұрып, Германия туралы негізгі деректермен таныса алады және «Германияда жасалған» атты арнайы энергетикалық саясаты туралы біле алады. Сондай-ақ, павильонға кірген әрбір келушіге smartstick құралы беріледі. Бұл құрал жеке экспонаттарды іске қосуға, қозғалтуға және олармен қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, қонақтар қайта қалпына келетін энергия көздері, қуат алу тәсілдері, болашақ қалаларға болжам туралы құнды деректерге қанығып, smartstick құралдары арқылы «smartpoint» түріндегі энергияны жинақтайды. Көрме соңында қонақтар үлкен дөңгелек үстелі бар кеңістікке өтеді. Олар үстел үстіне smartstick құралдарын қойғанда, smartpoint арқылы жиналған энергия ортаға біріктіріліп, ерекше лазерлік шоу пайда болады. Яғни, павильонға келушілер өз қозғалыстары арқылы жиналған энергияның қоршаған әлемді қалай өзгертетінін көре алады. Ортақ күш салу арқылы энергетикаға байланысты жаһандық мәселелерді шешуге болатынын бағамдайды.

«Германия мен Қазақстан маңызды экономикалық әріптестер болып табылады. Біздің Орталық Азиядағы сауда-саттығымыздың 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Өткен айдың соңғы цифрларына сәйкес, екі ел арасындағы импорт пен экспорт көлемі 40 пайызға артқан. Аталған көрмеге қатысу арқылы Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың жаңа қарқында дамуына үміттенемін», — деді Германияның Қазақстандағы елшісі Рольф Мафаэль бүгін Экспо медиа-орталығында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, елші Қазақстанда өткен ғасырда көптеген немістердің өмір сүргенін, олардың біразының Германияға оралғанын ерекше атап өтті. «Қазіргі уақытта 180 мың неміс Қазақстанда өмір сүріп жатыр, яғни Қазақстан халқының бір пайызын этникалық немістер құрайды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа ерекше жылулық сыйлайды. Жыл сайын шамамен 50 мың адам Германиядан Қазақстанға қонаққа барып тұрады және бұл көрсеткіштің биыл едәуір ұлғаярына сенімдімін», — деді ол.

Айта кетейік, шетелдік ЭКСПО қатысушылары арасында ең ірі павильон Германияға тиесілі. Павильон аумағы 1700 шаршы метрді алып жатыр, онда көрме аймақтары, VIP-аймақтар, неміс халқының ұлттық тағамдары мен сусындарын ұсынатын мейрамханалар, Германия туралы кәдесыйлар мен базарлықтар сатылатын дүкендер және кеңселік (қызметтік) бөлмелер болады. Сонымен бірге, павильонда 80 адам жұмыс істейтін болады. Қызметкерлердің 75% қазақстандықтар болса, қалған 25% Германиядан келеді. 12 шілде күні ЭКСПО аумағында Германияның ұлтық күні аталып өтеді.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.