• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мониторинг: 11 өңір әкімдігі өз бюджеттері туралы ақпаратты толық жарияламайды

12.05.2017
0

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың сайттарындағы бюджет туралы ақпараттар ашық әрі қолжетімді емес.

Мұндай мәлімдемені бүгін Алматыда үш бірдей қоғамдық бірлестік мамандары жасап, нақты мониторинг зерттеулерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік органдардың интернет-қорларындағы өз бюджеттері туралы ақпараттардың ашықтығы мен қолжетімділігі мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Әсел Қырықбаева орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мұндай мәліметтерді ұсыну деңгейі әлі де төмен деңгейде екенін атап өтті.

Оның пікірінше, Бюджет кодексінде «ашықтық қағидасы» ретінде Қазақстанның бюджеттік заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау қажеттігі көрсетілген. Ал 2015 жылы қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік органдар бюджеттік қаржы саласындағы ақпаратты, соның ішінде бюджет жобалары мен есептіліктерді интернет-қорларында жариялауға міндетті. Алайда, мұның орындалуы өте төмен деңгейде.

«Қазақстанның 16 аймағының жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарына (14 облыс, Алматы және Астана қалалары) жүргізілген зерттеу көрсетіп отырғандай, бюджеттік құжаттардың ашықтығы және қолжетімділігі өте төмен деңгейде. Өңірдің бюджетін орындау туралы жылдық есептерді тек кейбір әкімдіктер ғана жариялаған. 20 сәуірге дейін әкімдіктер 2016 жылға арналған жылдық есептерін тексеру комитетіне, ал 1 мамырға дейін мәслихаттың талқылауы мен бекітуіне беруі тиіс болатын. Алайда, қазіргі таңда 2016 жылғы бюджетті орындау туралы жылдық есеп жобасы тек Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында ғана жарияланған, әкімдіктердің 69%-ы (16 өңірдің 11-і) тіпті, 2015 жылға арналған есептерді де жарияламаған. 2017-2019 жылдарға арнап бекітілген бюджеттер тек Атырау және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің сайттарында, яғни 16 өңірдің тек 2-уінде ғана жарияланған, бұл 12,5%-ды құрайды. Алматы және Астана әкімдіктерінің сайттарында бюджетке қатысты аз ғана ақпарат көлемін табуға болады, бекітілген өзекті бюджеттер және бюджетті орындау туралы есеп тіпті жоқ», — дейді «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» директоры Әсел Қырықбаева.

Ал, «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары жөніндегі институты» ҚҚ директоры Светлана Ушакованың айтуынша, министрліктер мен орталық мемлекеттік органдардың сайттарына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 17 министрліктің үшеуінің сайтында бюджеттік ақпарат берілмеген.

«Яғни сайттардың 18%-ында ешқандай бюджеттік ақпаратты таба алмайсың. Басқа министрліктердің сайттарында бірен-саран бюджеттік ақпарат бар болғанына қарамастан, ақпарат толық көлемде жарияланбаған. Министрліктердің тек 47%-ы ғана 2017-2019 жылдарға арналған өз бюджетін жариялаған, ал сайттардың 76%-ы 2016 жылғы бюджеттің орындалуына қатысты жылдық есепті көрсеткен. Жүргізілген мониторинг мемлекеттік органдар сайттарының көпшілігінде (сайттардың 82%-ында) кейбір бюджеттік ақпарат жарияланғанын көрсетіп отыр. Алайда бұл ақпарат толық емес, жариялау кезінде жүйелілік сақталмаған, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың мұндай ақпаратты жариялаудың мақсаты неде екенін түсінбейтіні байқалады. Әрбір органның бюджеттік ақпаратты әртүрлі түрде, пішінде және мазмұнда жариялайтындығы да ақпаратты іздеуді, оны түсінуді қиындатады, осындай ақпаратты ұсынудың бірыңғай стандарты жоқ немесе мемлекеттік органдар оны қолданбай отыр», — дейді Светлана Ушакова.

Баспасөз жиынында сөз алған «Zertteu Research Institute» Қоғамдық қорының директоры Шолпан Әйтенова меморгандардың сайттарында жарияланған азаматтық бюджеттердің 94%-ы талаптарға сәйкес келмейтінін айтты.

«Қазақстанда мемлекеттік органдар азаматтық бюджетті 2011 жылдан бастап жариялап келеді. Орталық мемлекеттік органдардың сайттарына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2017 жылы министрліктердің тек 52%-ы ғана «Азаматтық бюджет» тарауында ақпаратты жариялайтын болып шықты, осы тұста жарияланған азаматтық бюджеттердің 94%-ы талаптарға сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Қаржы министрлігі азаматтық бюджетті барлық талаптар мен өлшемдерге сәйкес жариялап отырған жалғыз мемлекеттік орган. Бюджет кодексінде азаматтық бюджеттің анықтамасын және оны рәсімдеудің өлшемдерін заң жүзінде бекіту қажет», — дейді «Zertteu Research Institute» ҚҚ директоры Шолпан Әйтенова.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.