• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Омбыда қазақ тілі оқытыла бастады

12.05.2017
0

Омбыдағы №130 орта мектебінде Қазақ тілін оқыту орта­лы­ғының тұсаукесері өтті. Бұл — облыс­та соңғы екі жылда ашылған жетінші орталық. Қазақ тілін оқып-үйренгісі келетін оқушылар орталыққа екінші сыныптан бастап аптасына екі рет, ал жоғары сынып оқушылары үш рет келетін болады. Аталған мектептің директоры Вячеслав Шестаков бұл тәжірибенің табысты болатынына сенімді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында «Омская правда» газетінің бас редакторы Андрей Мотовило тарқатып жазған.

— Біз із салушылармыз, біздің мек­тебіміз — қазақ тілі екінші шет тілі секілді оқу бағдарламасына енгізілген қала­дағы тұңғыш мектеп. Бұл — үйірме емес, бұл — оқу жоспарының пәні. Өткен сәуір айында балалар мен олардың ата-аналары алдағы оқу жылында екінші тіл ретінде қай тілді оқып-үйренетіндерін таңдады. Егер сыныпта 20 оқушы болса, 10-ы қазақ тілін, ал қалғандары неміс пен француз тілдерін таңдады. Біз балалардың көршіміздің тілін тұрмыстық деңгейде емес, іскерлік қарым-қатынас деңгейінде оқып-үйренгенін қалаймыз. Мұндай мамандарға сұраныс өте жоғары. Іскерлік қазақ тілі бүгінде айтарлықтай жақсы даму үстінде. Мәселен, Қазақстанда оны Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқып-үйренеді. Бізге жақын осындай оқу ошағы Петропавлда орналасқан, енді сондағы мектеппен ынтымақтастық шартын жасауды жоспарлап отырмыз, — дейді В.Шестаков.

№130 мектеп қазақ диаспорасының өкілдері айтарлықтай жиі қоныстанған 108 «б» шағын ауданда орын тепкен. Жалпы, мектепте 14 ұлттың өкілдері білім алса, жартысы қазақ отбасыларының балалары. Бірақ орыс балаларының арасында да қазақ тілін оқып-үйренгісі келетіндер аз болған жоқ. Өйткені, олар өздерінің болашақтарын мұнай химия­сы, құрылыс салаларындағы инженер мамандықтарымен байланыстырады.

Бүгінде Қазақстан мен Омбы облы­сының арасындағы жылдық тауар айналымы 360 миллион АҚШ долларын құрайды. 200-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Достық үйінің директоры На­та­лья Степанова қазақ тілін оқып-үйрену түлектерге жақсы перспектива береді деп есептейді.

— Омбы облысының басшылығы Қа­зақстанның бірқатар әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойған. Бизнес білікті аудармашы­ларға зәру. Қазіргі таңда Қазақстанда үштілділікке басымдық берілген. Әкім лауазымына негізінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін адамдар тағайындалып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілін оқып-үйренудің дәл осы 130-шы мектепте бағдарламаға енгізілуі де кездейсоқтық емес. Мек­тептің кіреберісіндегі Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арнал­ған естелік тақтада Александр Волин мен Ермұрат Досжановтың есімдері жазылған. Бұл мектепте ізгі көршілестік дәстүрі бұрыннан қалыптасқанын және заңды жалғасын тауып келе жатқанын көрсетеді, — дейді Н.Степанова.

Бағдарламаға жаңа пән енгізу туралы идея мектепті дамыту бағ­дарламасын жасаған кезде пайда болыпты. Әр оқу орнының өзіндік ерекшелігі болуы тиіс, деп тұжырымдаған көрінеді педагогтар. Ал 130-шы мектептің ерек­шелігі — білім беруде қазақ тіліне екпін түсірілуі. Бұл жаңалық айтарлықтай дайындықты қажет етіпті. Мектепті оқу құралдарымен Қазақстанның Омбы облысындағы консулдығы қамтамасыз етсе, консул Эльдар Қонаев жанды көмек жасаған. Қазақ тілінен сабақты енді базалық филология білімі бар педагог жүргізеді екен.

Қазақ тілін оқыту орталығының тұсау­­кесер рәсімінде орыс киімін киген оқушы қыз бала мен қазақша киінген ер бала халықтар достығы туралы тақпақ оқып, қазақша және орысша мағынасы бірдей мақал-мәтелдерден мысалдар келтірді: «Алыс туысқаннан жақын көршің артық», «Достық — баға жетпес құндылық», т.б. сияқты.

Оқу орнының директоры В.Шестаков мек­тепті дамыту бағдарламасын жасауда көмек көрсеткен әріптестері: «Омскнеф­техимпроект» ЖАҚ-тың бас директоры Игорь Зуга мен Қазақ ұлттық-мәдени орталығының президенті Жанат Бекмағамбетовке өзінің ризашылығын білдірді.

И.Зуга №130 орта мектеп жаңа істе кез­дейсоқ пионер атанбағанын атап көрсетті:

— Қазақ тілін оқыту орталығы түлек­тері үстіміздегі жылы тамаша нәтиже көрсеткен мектепте ашылып отыр. Демек, бұл оқытудың сапасы жоғары екенін ай­ғақтайды. Қазақ тілін оқып-үйрену балаларымызға жастайынан бір-бірімен достық қарым-қатынас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, кім-кіммен де достық қарым-қатынас орнатуға болады, бірақ, ең бастысы, көршіңмен дос болғанға не жетсін! Екінші тіл білу өзіңнің мүмкіндігіңді де арттыра түседі. Мұндай жайт 130-шы мектепті Омбыда білім берудің көшіне шығаратын болады, — дейді И.Зуга.

Сібір мұсылмандары діни басқармасы мүфтиінің орынбасары Дәулет Балтабаев Қазақ тілін оқыту орталығын ашуды ұлт­аралық, конфессияаралық және мемлекетаралық қарым-қатынастардағы үлкен оң қадам деп атады.

— Бәз біреулер біздерді конфессия­лық белгілеріміз бо­йынша бөлуге қанша тырысқандарымен, бүгінгідей оқиға­лар бірлігіміздің бекемдігін, бейбіт­сүйгіштігімізді көрсетеді. Біз бір-бірі­мізбен достықта, ізгі көршілестікте өмір сүріп келеміз, — дейді Д.Балтабаев.

Бұл сөзімізді «Центральный-6» аумақтық қоғамдық  өзін өзі басқару комитеті (АҚӨК) ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Васильев қазақша сөйлеп айғақтай түсті. Өйткені, ол Қазақ­станда туып-өскен және тіл бойынша емтиханды да «өте жақсыға» тапсырған-тын.

Шоқан Уәлиханов атындағы Орыс-қазақ достығы қорының төрайымы Бағ­лан Оразова 130-шы мектеп оқу­шы­ларына осы қоғамдық ұйым баста­машылық танытатын барлық іс-шараға қатысуды ұсынды.

Тұсаукесерді шығармашылық нөмір­лер: Радмира Сұлтанованың қазақтың қара домбырасымен тартқан күйі және Жанар Омарованың мың бұралып билеген биі айшықтай түсті.

Ал Қазақ тілін оқыту орталығының салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының консулы Эльдар Қо­наевтың және Омбы әкімшілігі өкіл­дерінің қатысуымен 15 қыр­күйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.