• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу үшін ғалымдар экспедицияға шығады

12.05.2017
0

Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу үшін ғалымдар жыл соңына дейін еліміздің 4 өңіріне экспедицияға аттанады.

Бұл туралы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен бөліскен еді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия жасақталып, оның алғашқы отырысы өткен болатын. Оның барысында құрылған жұмыс топтарының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов жетекші ретінде бекітілді.

Институт директорының айтуынша, Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу, оны қағазға түсіру бұрыннан ғалымдар тарапынан жүзеге асырылып келеді. Ал Елбасының мақаласынан кейін бұл жұмысқа одан да жүйелі, тұрақты сипат берілетін болды.

«Бұрынғы атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен тәжірибелерді ескеріп, енді осы қасиетті жерлердің мемлекеттік тізімін жасасақ деген ой бар. Бұл жергілікті басқару органдарына да, ғалымдарға да, мамандарға да бағыт-бағдар беретін болады. Осы бағытта жұмысты 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Біріншіден, киелі жерлер туралы анығын білу керек. Олардың саны, қайда орналасқаны туралы ақпаратты жүйелеу қажет. Екіншіден, тізім жасалған соң Қазақстанның барлық аймағына экспедиция жасасақ деген ой бар. Олардың жай-күйі қандай, қирап жатыр ма, реставрацияны талап ете ме, соны анықтауымыз керек. Егер қаражат мәселесі шешілсе, жыл соңына дейін кем дегенде Қазақстанның 4 өңіріне экспедиция ұйымдастырылады. Бұған жергілікті басқару органдары, өлкетанушылар, мамандар да тартылады. Үшіншіден, осы әулиелі жерлерге байланысты ғылыми әдебиетті, аңыз әпсаналарды жинап соны қағазға түсіріп, қолдан келсе телематериал жинап, қалың көпшілікке жеткізу маңызды болып отыр. Төртіншіден, осы мәселемен айналысатын мамандарды анықтап, олардың корпусын жасақтау керек. Осынша жұмыс нәтижесінде жыл аяғына қарай Қазақтанның 5 өңіріндегі қасиетті жерлердің суреті, сызбасы, аңыздары жарияланған 2-3 кітап жарыққа шығарсақ деген ой бар. Енді, бұл жоспар ғана. Ол жүзеге асу үшін қаражат керек. Қаражат болады деген үмітіміз бар», — дейді Хангелді Әбжанов.

Оның пайымынша, бұл бағыттағы жұмыс тобына көп адамның қажеті жоқ, ары кетсе 15-16 адам жетеді. «Олар әр өңірдің өкілі болған дұрыс. Ғылыми ізденістерге ынтасы бар, өмірлік тәжірибесі мол, осы істің жанашыры кіру керек онда. Алдында осы тақырыпта министрлікте әңгіме болды. Қазір мамандардың тізімі пысықталуда», — дейді ол.

Институт директорының атап өтуінше, өңірлерді аралаған экспедиция халыққа беймәлім жерлерді ашып береді деп күту соншалықты дұрыс емес. «Расында мүлде беймағлұм жердерді таба алмаймыз. Өйткені киелі жерлер сол өңірдің адамдарына таныс. Оны басқа адамдар білмеуі мүмкін. Біз «екінші Бекет атаны», «басқа Айша бибіні» ашпаймыз. Бірақ назардан тыс қалып келе жатқан, өткенімізде, тарихымызда, мәдениетімізде орны бар жерлер қалың көпшілікке таныла түсетіні сөзсіз», — дейді Хангелді Әбжанов.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.