• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ «етті ең көп жейтін ұлт» атағынан айырылып қалуы мүмкін

12.05.2017
0

Ет – қазақтардың тағам рационындағы ең маңызды және ең жиі қолданатын асы болып есептелетіні даусыз. Қазақтың етті жақсы көретіні сонша, оны мақалына да, өлең-жырына да, тіпті, әзіл әңгімелеріне де қосып айтып келген.

Көшпенді халық болғандықтан қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғаны белгілі. Төрт түліктің еті, сүті, терісі және жүні әрі тағам, әрі киімнің міндетін атқарған. Тіпті, отызыншы жылдардағы жұтқа дейін мал саны жағынан қазақпен бәсекелесетін ел әлемде саусақпен санарлық қана еді. Кейінірек Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да қазақ халқы малының көп бөлігінен айырылды. Майдан даласына деп Компартия қазақтың қорасындағы соңғы ешкісіне дейін алып кеткен кездерін тарихтан жақсы білеміз.

Одан бері де 75 жылдан астам уақыт өтіпті. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы Мәскеуге ет беру міндетінен құтылды. Елде төрт түліктің басы көбейіп, қора малға қайта толып отыр. Тіпті, мал шаруашылығын өркендетемін деп бел шеше кіріскендерге мемлекет қолдау көрсетіп, ақшалай көмек беруде. Соған қарамастан, қазақстандықтар әліге дейін ет импортына тәуелді. Көрші Ресейді айтпағанда, сонау Латын Америкасындағы Аргентинадан сиыр етін сатып алып жейді екенбіз.

Дегенмен, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан ет импортына деген тәуелділіктен жыл санап арылып келеді. Мәселен, 2016 жылы Қазақстандағы ет өндірісінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артып, 233 573 тоннаны құрапты. Сәйкесінше, импорттың көлемі азайған.

Өндіріс көлемінің артқаны әрине жақсы. Бірақ, одан қазақстандықтарға пайда тимесе оның несі жақсы? Түсінікті болу үшін айтайық, елімізді ет өндірісінің көлемі артқаннан кейін тиісінше оның бағасы да арзандауы тиіс еді ғой? Бірақ, біздің нарықта керісінше процесс жүріп жатыр, яғни өнім қаншалықты көп болған сайын оның құны да соншалықты қымбаттап барады.

Ет жейтін қазақстандықтардың саны азайып келеді…

Жалпы, біз мақтанғанды жақсы көреміз. Отандық телеарналарды қосып қалсаңыз, салынып жатқан есебі жоқ зауыттар, жұмысқа тұрған мыңдаған адам, конвейерден шығып жатқан отандық көліктер, ұшақтар мен тікұшақтар туралы сюжеттерді бірінен соң бірін айналдырып көрсетіп жатады. Бірер жыл бұрын Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргенін айтып әбден мақтандық, қазір «отыздыққа» кірмесек те айқайлап ұрандатып жүрміз. Мұның бәрі дұрыс шығар… Жоспарлау керек, сол жоспарға қол жеткізу керек. Бірақ, бір нәрсені естен шығармаған жөн: халықтың қарны тоқ кезде ғана біз бәсекеге қабілетті елдердің «отыздығына» да, «ондығына» да еркін қосыла аламыз.

Мұны неге айтып отырмыз? Қазір елімізде әр жарты жыл сайын етпен бірге өзге де азық-түліктің бағалары қымбаттап келеді. Ал жалақының өсетін түрі жоқ. Жалақыға жыл сайын қосылатын аз-маз пайыздарды инфляция «жеп қояды». Телеарналардағы «салынып жатыр», «ашылып жатыр», «шығарып жатыр» деген сөздермен халықтың қарнын тойдыра алмасымыз анық. Егер баға дәл осылай шарықтап кете беретін болса, жақын уақытта қазақтар «етті ең көп жейтін халық» деген атақтан айырылып қалуы да мүмкін. Өйткені, жыл сайын етті тұтыну көрсеткіші елімізде кеміп келеді екен.

Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанда ет өндірісінің көлемі артып отыр. Тек соңғы он жылдың өзінде бұл көрсеткіш 21,1 пайызға өскен. Тиісінше, ет импортының көлемі кеміп, экспорт ұлғаюда. Мәселен, 2007 жылы Қазақстанға өзге мемлекеттерден 95 мың тонна ет әкелінсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 55,4 мың тоннаны құрады. Ал, 2007 жылы елде өндірілген бүкіл еттің тек 0,08 пайызы ғана шетелге сатылса, 2016 жылы бұл цифр 1,34 пайызды көрсетті.

Бұл әрине, Қазақстан экономикасы үшін жағымды статистика. Бірақ, қазақстандықтардың ет жеу көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді екен. Мәселен, 2007 жылы жан басына шаққанда әр адам 58,2 келі ет жеген болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,8 келіге дейін азайған.

Экономикалық серіктестік және даму ұйымының мәліметінше, қазақтардың ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші бұдан да төмен көрінеді. Олардың есебінше, 2015 жылы жан басына шаққанда әрбір қазақстандық орта есеппен 46,5 келі еттен жеген екен. Соның өзінде бұл әлемдегі орта деңгейден әлдеқайда жоғары. Бірақ, жыл сайынғы төмендеп келе жатқан көрсеткіш жақсылықтың нышаны емес.

Мәселен, биылғы жыл бастала салысымен Қазақстан қалаларында ет бағасы тағы қымбаттады. Бір жерлерде 100-200 теңгеге өссе, кейбір қалаларда баға 500 теңгеге дейін шарықтап отыр. Ал Алматының кейбір базарларынан тіпті қойдың еті жоғалып кетті. Яғни, қазақстандықтардың ет тұтыну көрсеткіші биыл тағы да төмендейді деген сөз. Сондықтан елімізде ет өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғайып келеді екен деп қуанатын жағдайда емеспіз.

Саудагерлердің сылтауы дайын…

Статистика комитеті әзірлейтін сауда-саттық тауарлары бағасының индексіне сәйкес, өткен жылдың қыркүйек айында ет пен ет өнімдерінің бағасы бір жылда орта есеппен 7,3 пайызға қымбаттаған. Соның ішінде сиыр еті – 6,2 пайызға, қой еті – 3 пайызға, ал, құс етінің бағасы бірден 16,1 пайызға дейін шарықтапты. Қымбаттау процесі шілде айынан басталған.

Баға әр көтерілген сайын өндірушілер мен сатушылар міндетті түрде сылтауын дайындап қоятыны белгілі. Мәселен, Қазақстандағы Ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, еттің қымбаттауы алдын ала күтілген екен. Әрине күтіледі, егер жыл сайын баға бір емес, бірнеше рет көтеріліп отырса. Тек етке ғана емес, азық-түліктің барлық түрі Қазақстанда тұрақты түрде қымбаттап отырады емес пе?!

– Мұны девальвацияның кешігіп жеткен әсері деп айтуға болады. Теңгенің долларға шаққандағы құны күрт құлдырағанда еліміздегі импорттық тауарлардың бағасы шамамен 40 пайызға қымбаттаған болатын. Тіпті, өзімізде өндірілетін сүт пен құс еті, жұмыртқаның құны да 25 пайызға өсті. Бірақ, ол кезде ет өз бағасын сақтап қалған еді. Ал, ресми инфляция сиыр еті бойынша 3 пайызды, қой еті бойынша 2 пайызды және жылқы еті бойынша 1 пайызды құраған. Дегенмен, жалпы көрсеткіште ет бағасының инфляциясы 17 пайызға бір-ақ жетті. Енді салыстырмалы түрде қарасаңыз, еттің бағасы бәрібір арзан күйі қалып отыр. Өйткені, біз әлі девальвацияға дейін бордақыланған малдың етін жеп келеміз. Ал, қазір фермерлердің пайдасы өз шығындарын жаппайды. Сондықтан, олар амалсыз еттің бағасын қымбаттатып отыр, – дейді Мақсұт Бақтыбаев.

Өздеріңіз көріп отырғандай, әлі сол баяғы ескі сылтау, айналып кеп инфляция мен девальвацияны «жырлаудан» жалықпайды.

Ал, малшылар болса жемнің қымбаттауынан ет бағасын өсірдік дейді. Жем өндірушілері жанармай бағасының қымбаттығына сілтесе, жанармай өндірушілерінің өз сылтауы жетіп артылады. Осылайша, жіптің ұшын табу мүмкін емес. Ал, тұтынушы халықтың базарға барып, шарықтаған бағаға таңырқап бас шайқап қайтқаннан өзге қолынан түк келмей отыр.

Ет одағы өкілдерінің мәліметінше, шаруалар еттің бағасын 100-150 теңгеге қымбаттатып, бір келісін 1000-1050 теңгеден сатып жатыр екен. Ал, үстіндегі ақшаның бәрін алып-сатарлардың өздері қосады. Оларға қоспаңдар деп тыйым салатын заң да жоқ, сондықтан қанша қосқысы келсе де өз еріктері.

Бұл ретте тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – шағын ет өндірушілерді біріктіріп, ірі шаруашылықтар құру дейді аталған одақтың басшылары. Тек сонда ғана өнімнің бағасын арзандатуға болатын көрінеді. Яғни, Кеңес өкіметі кезіндегі «колхоздар» мен «совхоздардың» жүйесіне қайта көшу керек. Айналып келгенде, тағы сол ұжымдастыру.

Енді ет бағасы тағы қымбаттайды ма деген сауал бізді және мазалайды. Өйткені, теңге бағамы қазір тұрақты. Девальвацияның толқыны да өтіп кетті. Бірақ, соған қарамастан аталған өнімнің құны қайта шарықтайтын түрі бар. Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, ет бағасы тұрақты болуы үшін ең алдымен өнеркәсіптік өндірісті дамытып, сауда желілерін көбейту қажет, нарықты заманға лайықты ету керек екен.

– Әзірге ет бағасы тепе-теңдігін сақтап тұр, егер бағаға әсер ететін жайттар тіркелмесе жақын уақытта қымбаттай қоймайды. Ал, егер Қытайға экспорт ашылса онда міндетті түрде еттің құны тағы өседі. Бірақ, қазір біз осы қытайлық экспортқа байланысты квота енгізу мәселесін көтеріп отырмыз. Яғни, нақты қанша ет жөнелтеміз, оның сапасы қандай болуы керектігін анықтап алып, ішкі нарыққа зиянын тигізбейтіндей етіп экспорттауымыз қажет, – дейді М.Бақтыбаев.

Иә, Бақтыбаевтікі тек болжам мен ұсыныс қана. Қытай болса жуырда ғана Қазақстанға ветеринарларын жіберіп, өндіріп отырған етіміздің сапасын тексеретінін мәлімдеді. Демек, процесс басталып кеткен. Енді жаз келе қазақстандық ет өндірушілері ішкі нарықты ұмытып, қытайлық тұтынушыларды «асырауға» көшуі мүмкін. Бұл дегеніңіз елімізде еттің бағасы тағы шарықтайды дегенді білдіреді. Мұны Ет одағының басшылары да растап отыр. Қалтасы жұқа қазақтар болса амал жоқ төрт түліктің етінен бас тартуға мәжбүр болады. Осылайша, біз етті ең көп жейтін мемлекеттер тізімінен алдағы бірнеше жылда шығып қалмақпыз. Еттің жоқтығынан емес, бағаның қолжетімсіздігінен.

Жалпы, Қазақстанның ауылшаруашылық әлеуеті аса жоғары деп, «ағаларымыздың» мінберде тұрып жиі баяндама оқығанын талай естідік. Егер әлеуетімізді тиімді пайдалансақ Қазақстан былай тұрсын, бүкіл Африка халқын азықпен қамти аламыз деген сөздерді де құлағымыз шалып қалған. Бірақ, сол мүмкіндікті тиімді пайдалана алмай келеміз бе, әлде басқа себептері бар ма, әйтеуір африкалықтарды айтпағанда, өз халқымызды әліге дейін арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қуанта алмай отырмыз. Сатушыларымыз бұрын етті шетелден алып жатырмыз деп қымбат сатса, қазір шетелге экспорттап жатырмыз деп одан сайын бағаны шарықтатып жіберді. Енді ертең Қытайдың «есігі ашылса» не болатынын ойлаудың өзі көңілге үрей тудырады. Үкімет әйтеуір Мақсұт Бақтыбаев айтып отырған квотаны кешіктірмей ендірсе дейміз. Әйтпесе бір қойды бір асып жеп жүрген қазақ тоқсаныншы жылдардағыдай «окорочка» жеп кетуі мүмкін.
Дереккөз: Baq.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.