Қазығұрт ауданы тағы бір балабақшамен толықты. Яғни, ауданға қарасты Көкібел ауылында «Айзере» балабақшасы балақайлар үшін есігін айқара ашты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген нысан ауылдағы алғашқы балабақша. 140 орынға арналған. Көкібелдік ағайынның қуанышына аудан әкімі Т.Телғараев та ортақтасып, игі істің куәсі болды.
Еңлік Заманхан