• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Көкшетау-Шымкент» бағытында жаңа әуе рейісі ашылды

05.05.2017
0

Бүгін «Көкшетау-Шымкент» бағытында жаңа әуе рейісі ашылды. Алғашқы рейспен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған топ Шымкент әуежайына табан тіреді.

Делегаттарды арнайы күтіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа бағыттың екі облыстың сауда-экономикалық қатынастарының нығаюына, туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізетіндігін жеткізді.

«Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын әуе кеңістігінде алтын көпір орнатылып отыр. Бүгінгі күннен бастап, аптасына 2 рет жиілікпен «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты бойынша аптаның жұма, жексенбі күндері әуе рейстері орындалатын болады. Еліміздің мақтанышы саналатын Бурабай демалыс аймағына еліміздің ғана емес, шетелдің де қызығушылығы өте жоғары. Бұдан былай облыс тұрғындары  Бурабайға «Шымкент-Көкшетау» әуе бағытын пайдалана отырып, баруына үлкен мүмкіндік пайда болды», — деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Қасқасу сияқты туристік аймақтарына Ақмола облысынан туристердің әуе бағыты арқылы келуіне мүмкіндік туып отыр.  Жалпы, «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты 2 облыстың алдағы уақытта қарыштап дамуына өз септігін тигізетін болады.

Тасымалдауға арналған ұшақ түрі канадалық  CRJ-200. Жол жүру бағасы —  20 мың теңгені құрайды. Қазірдің өзінде  «Шымкент-Көкшетау» бағытын жандандыру мақсатында, қос қалада да халықтың көп шоғырланатын орындарында жарнамалар орнатылған.

Оңтүстікке іссапары барысында көкшетаулық делегация басшылығы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы мемарандумға  қол қойылды.

Сондай-ақ, Шымкент пен Көкшетау  қалалары арасында  байланыс орнату және «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы, «ENKI»ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған. Мәселен, «Көкшетау минералды су»АҚ мен Шымкенттік «Азамат» ЖШС өңіраралық кооперация аясында 2 млрд. тенгенің өнімін тасымалдау туралы меморандумға қол қойды.

Түс ауа Ақмола облысынан келген арнайы делегация мүшелері Шымкенттегі бірқатар нысандар – «Фронт Офис», «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, «Шымкент» ӘКК» АҚ-ын, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен еркін экономикалық аймағы сынды маңызды нысандарды аралап, көрді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.