ОҚО Ішкі істер департаментінде полицейлерді, Ұлы отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагерлерін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесінің 72 жылдығы мерекесімен құттықтады.
Аталған салтанатты іс – шараны ашқан ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сырым Абдуллаев полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қылмыспен күресуде құқыққорғау органдарының абыройын арттырып жүрген және әлемді фашизмнен құтқаруға ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді. Ардагерлердің өмір жолдары жас полицейлердің міндетіне берік болуы, патриоттық сезіміне Отанға адал қызмет жасауына үлгі болады.
Іс-шараға қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Жеңіс мерекесіне орай Рейхстагқа ту тіккен Кеңес одағының батыры Рахымжан Қошқарбаев туралы «Жеңіс» деректі фильмі көрсетілді.
ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Асылхан Қалаубаев салтанатты түрде ұзақ жылдары адал қызметі мен жоғары кәсібі үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 24 қызметкер марапатталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үздік қызметі үшін департамент бастығының бұйрығымен 144 полиция қызметкерлері грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А. Қалаубаев барлық іс-шараға қатысушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте табыс, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тіледі.
Іс-шара соңында эстрада жұлдыздарының және талантты полицейлердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі