Астана тұрғындарының жұмыс кестесін 1 маусымнан бастап өзгертеді, деп хабарлады ресми БАҚ-тар.
«Елордалық жолаушылар тасымалдау көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Егенбердинов халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесін өкізгенге дейін мемлекеттік органдар мен жоғарғы және арнайы оқу мекемелерінің жұмыс уақытының басталу мерзімін өзгерту жоспарлануда деп мәлім етті», — делінген хабарда.
Мысалы, мемлекеттік органдардың жұмыс бастау уақыты 9.00-ден 8.30-ға ауыстырылады, ал ЖОО-лар мен АОМ жұмысын 8.00-де емес, 10.00-де бастайтын болады. Сондай-ақ ХҚКО мен қаржылық мекемелердің жұмыс кестесі де 9.00-ден 10.00-ге өзгертіледі. Балабақшалардың жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады.
«Жұмыс уақытын саралау әлемнің көптеген мегаполистерінде қолданылатын стандартты және тиімді әдіс болып табылады. Аталған шара қауырт сағаттарда жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік береді», — деп айтқан Б. Игенбердиновтың сөзі келтіріледі.
Еске салсақ, елорда тұрғындарының жұмыс кестесін өзгерту мәселесі 2015 жылы да көтерілгенді. Ол кезде Астана басшылығы мектептердегі сабақ басталатын уақытты 7.40 деп ұсыныс айтқан. Бірақ оған ата-аналар қарсы болды.
2016 жылы бірқатар компаниялар мен қалалық мекемелер ертерек жұмыс бастайтын болды, оның ішінде әкімшілік жұмысшылары жұмыстарын таңғы 8.30-да бастайтын болды.
КазТАГ.