• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ оюында қандай сыр бар?

04.05.2017
0

​»Қуанышты қалып» фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер ою-өрнектердің магиялық күшке ие екенін дәлелдеп келеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда ою-өрнектердің тотемдік, сиқырлы символдар мен мазмұндық мағынасы толығымен әлі күнге дейін зерттелген жоқ.

Түркітанушы Мұрат Әджи оюлар түркі тектес халықтардың барлығына ортақ екенін алға тартады. Қазақтың ою-өрнектерінен «крест» пен төртбұрыш, өмір шиыршықтары анық көрініс тапқан. «Крест» ұғымының «қайқы қылыштан» туындағанын өзінің еңбектерінде түсіндірген.

 

20170503162829_54108

Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұлан да «қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» дейді.

Расымен де, бала кезден тұтынған бұйымдардан оюларды көріп өссек те, әрқайсысының өз мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері бар екенін ойламайтынбыз. Бүгінде заманауи стильдегі киімдерден оюды байқағанымызбен, кейде орынсыз қолданылған, тек эстетикаға мән берген оюларды кездестіретініміз де бар.

Бұрын жазу, компас, сағат қолданылмайтын кезде ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізді.

Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов қазақ ою-өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əртүрлі заттардың сыртқы бейнесін.

Оюлардың бояуының да өз сыры болады. Ашық, анық емес түспен боялған болса, құпия жазу екенін аңғара аласыз. Ою композициясына сай көк – аспан түсі; ақ – шындық символы; сары – даналық, адамгершілік, мұң белгісі; жасыл – жастық пен көктемнің белгісі. Ою-өрнектерді салған кезде түстердің бір-біріне сәйкес келуі жіті қадағаланады.

Оюлар симметрия заңымен қатар, бір немесе бірнеше элементтің қайталау ритмін сақтайды. Мысалы, «қошқар мүйіз» элементінен қошқар мүйізінің бірнеше рет қайталанғанын көреміз. Егер, «қошқар мүйіз» бестен көп, шексіз қайталанса – «шетой» жиекті ою-өрнек деп аталады. Ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табады.

20170503162922_96107

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біразы геометриялық ою-өрнекпен, дәлірек айтсақ ирекпен өрнектелген.

Ал неолит және қола дәуірінен белгілі «ұлу» өрнегі қоғам таптық құрылысқа бөліне бастаған кезде бедерленген. Кейіннен киізге, текеметке, кілемге таңбаларды бейнелеген.

Қолмен тоқылған кілем, шымшида немесе алашада табиғаттың төрт мезгілін көруімізге болады. Осылайша қоршаған орта көріністерін тұспалдап, ұтымды жеткізген. Табиғаттың тылсым құбылыстарын ою арқылы түсіндіре білген.

Қазақтың төрт құлақ өрнегі бесінші Пазырық қорғанынан табылған кілемде кездеседі. Ал лашын қанат өрнегі көбінесе тұс киіздерде кездеседі.

Сонымен қатар төсеніште қолданылатын оюлар бас киімдерде қолданылмайды. Себебі, онда тек зооморфтық кескіндер («қошқармүйіз», «қосмүйіз», «арқармүйіз», «сыңармүйіз», «қырымүйіз» т.б.) пайдаланылады. Осы оюларды үй жиһаздарында, ер-тұрман, қару-жарақтарда кеңінен пайдалануға болады.

«Ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Ол өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген.

20170503163010_26434                                                                                          Кілемнің ортасына қолданылатын ою-өрнектер

Кейде үйге келген қонақ алаша мен басқұр, текемет пен сырмақ оюларына қарап, сол отбасының қай рудан, қандай әулеттен шыққандығын сұрамай-ақ біледі. Кәнігі шеберлер төселе келе, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізген. Әрбір елде, әрбір руда есімі мәшһүр оюшылар өз өнерінің озық үлгілерін таратып отырған. Өнер зерттеушісі Сейсен Мұхтарұлы «Оюды оқуға бола ма?» атты мақаласында: «Дулаттың «бүтін ай», Жалайырдың «тарақ», Қоңыраттың «босаға», Қыпшақтың «қос әліп», Найман руының бір шақасы Бағаналының «үш айрық алау» таңбасы ретінде суреттеледі» дейді.

20170503163103_16919Тағы бір айта кетерлігі, бозбала қыздың қолындағы білезікте бедерленген өрнегіне қарап, оған құда түскен-түспегенін ұғынған. Жас келіншек тұрмыс құрғаннан кейінгі ахуалын ою-өрнекпен бейнелеп жіберген. «Құсмұрын» сәлемдемесі жіберілсе, құстай ерікті екенін ұғынып, уайымдамайтын болған. Ал бойы ұзын, талдырмаш жан бедерленіп, жанында дөп-дөңгелек адамның бейнесі жағдайының мүшкіл екенін сөзсіз-ақ ұғыныпты.

20170503163147_50259

Үшбұрыш ішінде бейнеленген «қошқармүйіз» өрнегі жанға жылу, қуат беретін от ұғымын, молшылық пен байлықты білдірсе, ромб тектес өрнегі ер мен әйелдің қарым-қатынасын білдіреді. «Шеңбер» оюы – жарық өмір жолын ұғындырса, «аққу қанаты» – өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықты насихаттайды.

Алыс жолға шыққан жолаушының киіміне «түйетабан», «түйемойын», «ботакөз» оюларын салған. «Су», «ирек», «арық», «тасқын», «тоғыз төбе», «арпа гүл» өрнектері тоқшылық пен молшылықтың нышаны ретінде қолданылған. Адамның өмір жолының бұралаңнан тұратынын нышанмен жеткізген.

20170503163234_40385

Белгілі зергер Болат Атыраубаевтың айтуынша, зергерлік бұйымдарға көбінесе қошқар мүйіз, шаңырақ, кереге белгісін, өсімдік ою-өрнектерін пайдалануға болады. Геометриялық өрнектерден үшбұрыш аспан, жер, адамды білдірсе, төртбұрыш «төрт құбылаң тең болсын» дегенді білдіреді.

Кей мамандар бойжеткен мен ерлердің киімдеріне екі бөлек оюлар бедерленетінін айтады. Мысалы, қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен салған.

Бірақ бұл тұжырыммен келіспейтіндер де бар. Олар ою кеңістік арқылы түрленеді және көлемге ғана бағынады дейді.

Киім үлгілерін тынымсыз зерттеген атақты шебер Сабыркүл Асанова: «Кей уақытта подиумнан анық көріну үшін сәнгерлерімізге оюлардың айшықтарын үлкендеу, түрлерін өте жарқын етіп жасау керек болады. Оюдың көлемі кіші болып қалса, мінбеден көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ дәл қазір маңыздысы, ою-өрнектің орналасу ретінде емес, оның кең көлемде насихатталуында» дейді.

Дереккөз: Egemen.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.