• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘМС жүйесі бойынша тегін медициналық көмек көрсетілетін азаматтардың санаты бекітілді

04.05.2017
0

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі келер жылы іске қосылады. Бірақ 2 айдан кейін жұмыс берушілер қызметкерлер үшін жарна төлей бастайды.

Биыл ең төменгі жалақының 1 пайызын аударса, 2018 жылдан бастап еңбекақының 1,5 пайызын төлеуге міндеттеледі. Қазір азаматтардың тізімі түзіліп, олар ем қабылдайтын клиникалар анықталып жатыр. Қор тек өзі келісімге келген орталықтармен ғана жұмыс істейді. Яғни сақтандыру пакеті кез келген медициналық мекемеде қолданылмайды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— 5 сәуірден бастап біз арнайы компания бастадық. Әр азаматтардың заң бойынша еркін таңдау құқы бар. Сол еркін таңдауға біз шақырып жатырмыз. Осы 1 айдың ішінде 100 мыңнан астам азаматтар өздерінің еркін таңдау құқын пайдаланды. Емханаларды таңдап, сол жерде тіркеліп жатыр. Ал осы тіркеуге алынған азаматтар жөнінде мағлұмат сақталған ақпараттық жүйе қаншалықты дайын? Депутаттарды осы мәселе алаңдатып отыр.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Келер жылдың қаңтар айынан бастап басы ауырып, балтыры сыздап, көмек сұрап келген адамға дәрігерлер ем жасаудың орнына, оның қай санатқа жататынын анықтап әлек болмай ма? Яғни әр азаматтың сақтандыру пакеті жөніндегі ақпараттық жүйе жаңашылдық іске қосылғанға дейін дайын бола ма?

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Азаматтар медициналық сақтандыру жайындағы ақпаратты е.gov порталынан қарап біле алады. Күзге дейін медициналық орталықтарға тіркеу шарасы жүргізіледі. Тіркеуден өту үшін өзіңіз қалаған емханаға барып, төлқұжатыңызды көрсетсеңіз болды. Сіздің әлеуметтік статусыңыз белгілі болады.

Мәселенің өзектілігіне Мәжіліс төрағасы да мән берді. Нұрлан Нығматулин уақытша тіркеуге тұру міндеттелген кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезектің қаптап кеткенін қаперге салды. Министрге бұл олқылықтарды қайталамауды ескертті. Ал өзін өзі жұмыспен қамтып отырған ауыл тұрғындарына бұл жүйе қаншалықты колжетімді? Себебі жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 5 пайызын жарна ретінде төлеуі тиіс. Бұл шамамен айына 1400 теңге.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Статистика деректері бойынша өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны елімізде 2 млн астам адамды құрайды. Оның басым бөлігі тіпті почта бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұратыны белгілі. Қорға өзін өзі қамтығандардың, әсіресе ауыл тұрғындарының жарна төлеуі қалай ұйымдастырылады?

Сәкен Сәрсенов, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы:

— Ауылдық елді мекендерде бізде 2072 почта бөлімшесі бар. Солар арқылы біздің азаматтарымызға төлуге мүмкіндік бар. Қазір біз бұл сұрақтарды шештік. Тегін медициналық көмек көрсетілетін азаматтардың санаты бекітілді. Бұл тізімге балалар мен зейнеткерлер, мүгедектер мен 3 жасқа дейінгі баласын қарап отырған аналар немесе кәмелеттік жасқа толмаған мүгедектердің күтушілері жатады. Сондай-ақ студенттер мен атажұртына қоныс аударып, жұмыссыз жүрген қандастарымызға, құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілерге де бұл көмек қолжетімді. Елімізде тұратын шетел азаматтары мен олардың балаларына да тиісті жәрдем көрсетіледі. Себебі олардың жарнасы жұмыс берушілер тарапынан төленіп жатыр. Қордағы қаражат Ұлттық банкте сақталады. Демек алаңдауға себеп жоқ.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Міндетті медициналық сақтандыруды тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Шетелге көшіп кетсе, әрине бұл медициналық қор қаржыларын пайдалануға мүмкіндік болмайды. Себебі заң бойынша қордың қаржылары тек еліміздегі медициналық қызметтерге төлеуге арналған.

Ал жұмысшылар 2019 жылдан бастап айлық жалақысының 1 пайызын сақтандыру қорына жарна ретінде аударады. Егер азаматтар қорға қаражат құймаса, тек кепіл берілген медициналық көмек түріне ғана жүгіне алады.

Оған жедел жәрдем шақырту мен әлеуметтік ауруға шалдыққан науқастарға көрсетілетін емдік шаралар кіреді. Бұл әзірге ұсынылып отырған өзгерістер.

Құжат әлі Парламенттің қос палатасында сан мәрте талқыланып, сүзгіден өтеді.
Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.