• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

03.05.2017
0

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен. Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы (әрі қарай – ҰОС) ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді шараларды қолға алуда.

Қазақстанда, ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет — 971,3 млн теңге, демеушілік қаржы — 125,7 млн теңге).

3 мамырдағы жағдай бойынша 838,2 млн теңге сомасында 39,1 мың біржолғы материалдық көмек берілді; 8,2 мың ардагерге 205,9 млн теңгеге коммуналдық қызметтер төленді; 52 ардагер 821,3 мың теңгеде жанармаймен қамтамасыз етілді; 56,2 мың ардагер 296,4 млн теңгеге тең жеңілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамтылды; 476 ардагерге 11,8 млн теңгеге тіс протезі салынды; 5,8 мың ардагер 30,6 млн теңгеге қалалық және облыстық қатынас жолдарында жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру мүмкіндігін иеленді; 4,9 мың ардагер 16,1 млн теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

6,7 мың ардагер 226,5 млн теңгеге көмектің басқа да түрлерін алды (әлеуметтік такси, шаштараз, монша, кабельдік телевидение қосу және өзге де).

Жыл сайын зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері өсіп келеді.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҰОС қатысқандарға әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері – 114 655 теңгені; ҰОС ардагерлеріне – 118 499 теңгені; ҰОС қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға – 109 176 теңгені; ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 81 798 теңгені; ҰОС жылдарында тылда еңбектенген тұлғаларға – 71 637 теңгені құрады.

ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек, республикалық әрі өңірлік деңгейде, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, елімізде, ардагерлерге стационарлық медициналық жәрдем ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арналған 2 мамандандырылған республикалық госпитальде (Астана мен Алматы қалалары), арнайы сервистік палаталары бар облыстық және қалалық ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелерінде жасалады.

Сонымен қатар, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында, ҰОС ардагерлері еркін таңдау қағидаты арқылы кез-келген республикалық медицина ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Жалғызбасты және көлікпен алып жүруге келмейтін тұлғаларды қосқанда, ҰОС ардагерлерін күндізгі стационарлар мен үйдегі сауықтыру іс-қимылдарына жағдай жасалуда.

Бүгінгі таңда 850 ардагер стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүрсе, 349 ардагерге жартылай стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетіліп, шипажайлық-курорттық емдеумен 877 ардагер қамтылған.

Техникалық көмекші (орын толтыру), міндетті гигиеналық құралдар, сауықтырудың жеке бағдарламасына сай, 30,2 млн теңге сомасында 86 ардагерге ұсынылған.

Үй жағдайында қызмет көрсетудің мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік сипатындағы ұйымдары 8 503 жалғызбасты және жалғыз тұратын ардагерге әлеуметтік қызмет көрсетсе, оның ішінде 70 ҰОС мүгедегі, 199 ҰОС қатысқан ардагер, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген 21 тұлға, ҰОС қатысқандарға теңестірілген 146 тұлға, ҰОС қаза тапқан әскери қызметкерлердің 137 жесірі, 5 875 тыл еңбеккері, өзге де 2 055 ардагер бар.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында, жергілікті атқарушы органдар тарапы ардагерлерге қолдау көрсету мен ардақтау тұрғысында шаралар жоспарын әзірлеп, оның аясында ел бойынша 400-дей іс-шара өткізу көзделген.

Қазіргі кезде елімізде 2 776 — Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 157 679 — ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 194 — қоршауда болған Ленинград қаласында жұмыс істегендер; 487 – кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болғандар; 7 806 — қайтыс болған соғыс мүгедектердің әйелдері; 80 – ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; өзге де Жеңіске үлес қосқан санаттардан 778 азамат өмір сүріп жатыр.
 Дереккөз: ҚазТАГ

Фото: qamshy.kz

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.