Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев «Парасат» колледжінде бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамдық көліктегі жол жүру ақысына байланысты брифинг берді.
— 2016 жылдың қаңтар айында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 27 жолаушы тасымалдаушы компанияның жол кіресіне байланысты ұсыныстарын талқылап, наурыз айында қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымында ортақ шешім шығарылады. Онан соң, баспасөзде арнайы хабарлама беріліп, заңдық күшіне енеді. Ескере кетерлік жәйт, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады, -дейді сала басшысы.
Жуырда ғана облыс әкімдігінде ұсынылған Шымкент қаласының даму тұжырымдамасында шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов нарықтық заңдылықтарға сай жолкіресінің көтерілетіндігі туралы мәлімдеген болатын. Алайда, қала әкімі тарифтің осы жыл ішінде емес келесі жылдың екінші жартысында күшіне енетіндігін жеткізді. Әрі, студенттердің жағдайын ескере келе, олар үшін жолкіре 50 теңгеге тұрақтанатындығын айтты. Сонымен қатар үшінші мегаполистің коммуналдық мәселесін үнемі қадағалауға алып отыратындығын жеткізген болатын.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...