• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2016 жылы Қазақстанда 368,8 мың жұмысшы қауіпті жағдайда жұмыс істеген — Тамара Дүйсенова

26.04.2017
0

Астана қаласындағы «Көрме» орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, еңбекті қорғау және өнәркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» VIІ қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі өз жұмысын бастады.

Конференция мақсаты — кәсіпорындарда жарақаттанудың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Конференцияны ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мен өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Ресми статистикаға сүйенсек, 2016 жылы тексеруден өткен 1,7 млн кәсіпорын жұмысшыларының 368,8 мыңы немесе әрбір төртінші азамат қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 670,3 мыңнан астам адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қосымша еңбек демалысы, үстемақы, қысқартылған жұмыс күні және тағы басқа жәрдем түріндегі өтемақы алды. Аталған мақсаттарға жұмыс берушілер 99,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді», — деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Еңбек кодексінде Республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру мақсат тұтылған.

2016 жылдың басынан бері ел бойынша құрылған 12 мың 257 өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс берушілер үшін міндетті болып саналады.

Өндірістік нысандардағы еңбек жағдайын аттестациялауға талап күшейіп, мұнда сынақ зертханаларының міндетті аккредитациясы болуы қарастырылған.

Жұмыс берушілерді қызметтерін ерікті түрде декларациялау арқылы ынталандыру тетіктері көзделген.

Министр кәсіби тәуекелдерді басқаруға қатысты тиімді жүйенің жоқтығы, еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау сапасы, қолға алынған шаралардың тиімділігінің төмен болуы және жұмыс берушілердің қызметкерлердің нормативтік санын сақтамауы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысын төлеу секілді бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табу қажеттігін атап өтті.

«Кәсіби тәуекелдерді басқарудың қазіргі заманғы жүйесін енгізген жөн. Бұл үшін кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде еңбек қорғау жүйесінің қазіргі ахуалына баға беріледі. Жақын арадағы 3 жылда бұл саладағы нормативтік-құқықтық актілер қайта сүзгіден өтеді.

Зардап шеккен жұмысшыны әлеуметтік қорғауда өндірістегі жасырын оқыс оқиғаларды анықтау мен тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде назардағы субъектіге бара отырып, алдын алу шараларын кеңейту арқылы мемлекеттік бақылау тиімділігі көтеріледі.

Еңбекті қорғау саласында қызметтерді автоматтандыру жоспарлануда. Жұмыс орындарындағы оқыс оқиғалардың алдын алу бағдарламаларын жетілдіру мен басымдықты айқындауда шынайы мазмұндағы деректерді жинау маңызды.

Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестік институтын тиімді қолданған жөн. Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау мәселелері, мемлекет пен жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы уағдаластық аясында, әлеуметтік серіктестіктің барлық деңгейінде қамтылатын болады», — деді Тамара Дүйсенова.

Екі күнге болжанған конференция барысында Қазақстан кәсіпорындарындағы еңбек жағдайы және оны жақсартуға қатысты қолға алынған шаралар, ҚР мемлекеттік еңбек инспекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылау-қадағалау тыныс-тіршілігі мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Сондай-ақ, форумда, республиканың жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша «Сенім» байқауының нәтижесі белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, «KIOSH» көрмесі — өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасу мен соңғы жылдардағы жетістіктерімен бөлісуге арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған алаң. Көрмеде құрылыс, көлік, энергетика, химиялық, тау-металлургиялық, мұнай-газ өнеркәсібі салаларында қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз етуге арналған өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.

Жұмысшылардың құқығын қорғау, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару мақсатында Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні етіп жариялағаны белгілі.
Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.