Назар аударыңыздар!
Астана қаласынан арнайы келген Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирург, кардиолог, аритмолог мамандары 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққандарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Білікті дәрігерлер 25 сәуірде Көксәйек ауылындағы Төле би аудандық орталық ауруханасында, 26 сәуірде Леңгір қаласында Леңгір қалалық ауруханасында күні бойы сырқаттарды қабылдайды. 27-28 сәуір күндері Сарыағаш қаласында Сарыағаш аудандық ауруханасында, 2 мамырда Жетісай қаласында Жетісай аудандық емханасында, 3 мамырда Атакентте Атакент аудандық емханасында, 4 мамырда Асықатада Асықата аудандық емханасында науқастарға медициналық көмектер көрсетеді.
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы