• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ауыл шаруашылығы министрі фермерлермен кездесуде

13.04.2017
0

Бүгін Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды.

Жұмыс сапарының барысында “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асу барысымен танысты.

Елбасы агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс деп тапсырма берсе, соның негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Аталған бағдарламада әкімдіктер үшін әр жылға нақты индикаторлар белгіленген. Жұмыс сапарының басты мақсаты қойылған индикаторларды талқылау және орындалу барысын бақылау болып табылады.

Жаңа бағдарламаға сәйкес ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру, қайта өңдейтін және құрама жем кәсіпорындарының жүктемелігін арттыру, мал шаруашылығындағы жемшөп базасын нығайту мақсатында егістік жерлерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Ақмола облысындағы 6 май өңдейтін зауыттардың жүктемелігі – 30%, ал құрама жем зауыттарының жүктемелігі 56% құрап отыр.

Сондықтан, зауыттардың жүктемелігін арттыру мақсатында 2021 жылға қарай майлы дақылдар алқабын 380 мың га, мал азығы дақылдарын 490 мың га, арпаны 670 мың га арттыру жоспарлануда. Ал бидай алқабын 680 мың га қысқарту көзделуде.

2017 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 5,1 млн га аумаққа егу жоспарлап отыр.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен таныса отырып, Министр ағымдағы жылы көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендегенін айтты, соңғы тұтынушы үшін мөлшерлеме 5-6 % құрады. Бұл төмендеу ең алдымен ауыл шаруашылығы дақылдарын сапалы егуге бағытталған.

Әрі қарай, Вице-премьер аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында жиналыс жүргізді. Жиналыс барысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мен аймақта жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану арқылы АӨК өнімдерін өндіруді ұлғайту мәселелері қарастырылды.

Кооперативтерге қолдау білдіру үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қарастырылған, мысалы: құрал-жабдықтар бағасын 50% арзандату, жем-шөпке субсидия беру, өндірілген және өңдеуге тапсырылған өнімдерді субсидиялау, жеке қосалқы шаруашылықтарға төмен пайызды несие қарастыру және т.б.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды белсенді жүргізу мақсатында, Министрлік тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы лизингке берілетін сүт қабылдау және мал бордақылау пункттерін алғашқы жарнасыз құрудың сызбасы жасалды. Алғашқы жарна ретінде жалпы құнынан 50% көлемінде бөлінген инвестициялық субсидияны пайдалану көзделуде. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кооперативтерге тапсырылған 1 литр сүт үшін 10 теңге субсидия берілмек. Әрбір мүйізді ірі қара үшін 20 мың теңге және ұсақ малдарға 1500 теңге көлемінде субсидия беру қарастырылған.

Айта кету керек, Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің негіздері, кооперативтерге біріккен ауыл тұрғындары үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы республиканың барлық аймақтарында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Ақмола облысында осы жылы сүт пен ет өнімдерінің жүктемелігін арттыратын 32 кооператив құру жоспарлануда. Қазіргі таңда 14 кооператив құрылды.

Дереккөз: naryk.kz

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында екі жаңа өткізетін пункт ашады

Next Post

Салыққа қатысты бірқатар жаңалық бар

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.