• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында екі жаңа өткізетін пункт ашады

13.04.2017
0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ташкентте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен. Министрліктің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі және V Халықаралық «Демалыс әлемі 2017» туристік көрмесіне қатысу шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында мәдениет, спорт және туризм саласындағы екі елдің өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Өзбекстан Республикасының туризмді дамыту бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Анвар Шараповпен кездесу барысында қазақстандық ведомства басшысы туризмді дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі екендігін атап өтті.

Кездесу қатысушылары стратегиялық серіктестік пен тату көршілестік қатынасты нығайту екі елдің туристік саласының тұрақты дамуына әсер ететіндігін атап өтті.

Қазақстандық ведомства басшысы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы туристер ағынын ұлғайту үшін, екі жаңа өткізу пункті ашылып, қазіргі үшеуі – тәуліктік режимге көшетіндігін атап өтті.

Екі ел арасындағы теміржол және автобус бағыттарының ашылуы екі елге де туристік ағынның өсіміне әсер етеді. Алматы – Ташкент, Ташкент – Алматы бағыты бойынша жүрдек пойызы іске қосылды. Астана – Ташкент қосымша рейстері ашылды. Астанадан 6 рейс күнделікті қатынайтын болады. Екі елдің туристік ағыны визасыз режимнің әсерінен тұрақты деңгейде.

Соңғы уақытта Өзбекстанға барып-келетін қазақстандықтардың саны өсуде. Өзбекстандық туристердің басым көпшілігі Бурабайға, Балхаш пен Алакөл көлдеріне, «Шымбұлақ» шаңғы курорт базасына, Астана мен Алматы қалаларына келсе, қазақстандық туристер Ташкент, Самарқанд, Бұхара мен Хиваны таңдайды. Бұл қалалар Өзбекстанның көне тарихи мұрасы әрі Ұлы Жібек Жолының маңызды бағыты болып табылады. Осы жылы «Астана – ЭКСПО2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты өзбек туристері тарапынан қызығушылық байқалуда.

«Біздің бүгінгі кездесуіміз – біздің президент Шавкат Мирзиеевтің Астанаға жасаған тарихи сапарының заңды жалғасы. Қазақстан көрмедегі құрметті қонағымыз болып табылады, осы іс-шара барысында екі ел арасындағы туризм саласындағы келісімге қол қойылатын болады. Бұл Өбекстан экономикасының дамуына қосылатын үлкен үлес» — деп атап өтті Анвар Шарапов.

Ведомства басшылары Ұлы Жібек Жолы бойынша аралас турларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Екі елдің туристік әлеуетін ескерсек, тараптар туризм саласындағы ынтымақтасты дамыту керек деген ортақ пікірге келді.

А. Мұхамедиұлының пікірінше, туризм саласындағы ынтымақтастық экономикалық қатынастардың нығайтып қана қоймай, мәдени, әлеуметтік және экологоиялық салалардағы екі ел ынтымақтастығын дамытуға әсер етеді.

Өзбекстан Республикасының мәдениет министрі Махмуд Муратовпен кездесу барысында қазақстандық ведомства басшысы театр өнері, кино және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықтарға қатысты мәселелерді талқылады.

Осы күні А. Мұхамедиұлы Өзбекстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы Рүстам Құрбановпен кездесті. Спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев «Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстанның өзара қарым-қатынасының маңызды бір тармағы болып табылады. Арыстанбек Мұхамедиұлының сапары ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында ғана емес, туризмді дамыту шеңберінде біздің ортақ жобаларға жаңа серпін берді. Біз Орта Азия аумағындағы қозғаушы күш болып алатын туристік саладағы өсімді дамытуға тырысамыз. Өзбекстанда қазақстандықтар үшін қызығушылық тудыратын бірегей тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Ал, өзбек туристері Астана, Түркістан, Алматы, Бурабай сияқты жерлерге қызығушылық білдіруде. Сондықтан, жаңа бағыттарды ашу туристік саладағы серпін болады» — деп атап өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

Фото: Bnews.kz

Previous Post

Ж.Түймебаев: Қымбат тарифті төмендету арқылы арзан өнімге қол жеткізе аламыз

Next Post

Ауыл шаруашылығы министрі фермерлермен кездесуде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.