Бүгін Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері Абзал Әділбеков туылған. Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз! Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.
Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.
Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.