• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Оңтүстікте ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 3,5 мың га артады

28.03.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті.
Селекторлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселе — «көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы» сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2016ж. – 788,8 мың га) салыстырғанда, биыл 3,5 мың га артып, 792,3 мың га құрайтынын айтты. Ал егістікті әртаптандыру бойынша 2016 жылмен салыстырғанда мал азықтық дақылдарының көлемі 7,2 мың га-ға (230,0 мың га), дәндік жүгері 7 мың га-ға (47,2 мың га) артса, сәйкесінше мақта дақылы 4,6 мың га (105,0 мың га), бидай 10,4 мың га (165,1 мың га) қысқаратын болады.
Басқарма басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы жаздық астықты 36,7 мың га егу межеленсе, бүгінге оның 10,8 мың га-ы егіліп, жұмыстар жалғасуда. Осы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны таратуға 20 оператор анықталған. Ал жұмыстарды атқаруға қолда бар трактордың 85%-ы (16530 бірлік), соқалардың 95%-ы (2489 бірлік), дән сепкіштің — 90%-ы (2512 бірлік) дайын. Мұнан бөлек, қазіргі таңда өңірімізде 10,3 мың тн тыңайтқыш алуға өтінім түсіп, босатылса, егілген 165,1 мың га күздік астықтың 67,2 мың га-сы қоректендірілген.
Жиында Серік Ордабекұлы көктемгі дала жұмыстарына биыл жылдық пайыз мөлшері 6-8 пайызбен барлығы 2,5 млрд. теңге несие бөлінгенін жеткізді. Ал зиянкестерді жою бойынша химиялық өңдеу жұмыстарының көлемі былтырғыдан артып отырғанын айтты. Жалпы, облыс көлемінде жалпы ұзындығы 7067,2 шақырымдық 714 каналдың 2054 шақырымы механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді қажет етсе, бүгінде оның әзірге 1176 шақырымы тазаланған.
Баяндамашыны мұқият тыңдаған аймақ басшысы Ж.Түймебаев жер айдауда кешіккен аудандардың жұмыстарына көңілі толмады. Басқарма басшысының айтуынша, айдалуға тиісті 445,4 мың га-дың 367,1 мың га-ғана айдалған. Жұмыстарды тиісті деңгейде атқармаған аудан, қалалардың арасында Шымкент (27%), Кентау (50,2%), Ордабасы (58,2%), Түлкібас (42%), Төлеби (68%) және Созақ (69,3%) аудандары тұр.
Мұнан өзге, әкім сынға алған мәселелердің бірі наурыз айының соңына дейін таратылып бітуі тиіс арзандатылған жанар-жағармайды жеткізу жайы болды. Мәселен, бөлінген жанармайдың Түркістан, Түлкібас, Шардара, аудандарында 3-5 пайызы ғана алынса, Мақтаарал ауданы мен Кентау қалаларының шаруаларына дизельдік отын тиісті деңгейде жетпеген. Осындай олқылықтарды тізген өңір басшысы үлгермеген аудан, қала басшыларына жанар жағармайды 5 сәуірге дейін таратып бітуді жүктеді.
Айта кету керек, бүгінгі аппараттық отырыста, мұнан бөлек, шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының барысы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар және 2016 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы қаралды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.