Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Білім беру жүйесі тұтастай электронды форматқа ауысады
    Білім

    Білім беру жүйесі тұтастай электронды форматқа ауысады

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.03.2017364 Views

    Қазақстанда педагогтардың жұмыстары едәуір жеңілдетіледі. .Бұл мұғалімдерге қағаз есепті толтырудың қажеті болмайтынын білдіреді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтқан сөзіне сілтеме жасай отырып.

    «Бізге алға қарай даму, мұғалімдерді қағаз есептіліктен арылту өте маңызды. Бізге қағаз есептілік мүлдем қажет емес! Біз электронды форматқа ауысу туралы шешім қабылдадық», — деді Е. Сағадиев.

    Министр министрлікке қажетті барлық мәліметтер екі электронды базада – Ұлттық білім беру деректерінің базасы мен «Күнделік» электронды журналында орналастырылатын болатынын айтты. Қазіргі таңда аталған мәселе Қаржы министрлігі мен Бас прокуратурамен бірлесіп пысықталуда. Аталған ведомстволарда барлық деңгейдегі тексерушілерге электронды есептілік қағаз есептілікпен теңестірілетінін түсіндіруі үшін жұмыстар жасалуда.

    «Егер біз осы мәселені шешсек, бізде интернетті енгізуге байланысты бір мәселе қалады. Әрине, интернет қосу мәселесі ақсап тұр, дегенмен қалаларда барлық дерлік мектептерде интернет бар. Осы мәселеге қатысты жұмыстар жүргізу қажет: біз компьютерлер сатып аламыз, әкімдерден мұғалімдер бір кабинеттен екіншісіне жүгіріп жүрмеуі үшін, әр сыныпқа wi-fi жүргізуін сұраймыз», — деді министр.

    Сондай-ақ, Е. Сағадив өз ведомствосының мұғалімдердің еңбекақысын көтеру мәселесі бойынша жұмыс жасап жатқанын айтты. Осы жылы мұғалімдердің оқыту жүктемелерін бастапқы еңбекақылары сақталған күйінде қысқарту мүмкін болуы ықтимал.

    Министр бүгінгі таңда педагог мамандығы басымдыққа ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға жақын арада балабақшалар, мектептер мен ЖОО-лар үшін шамамен 200 мың жаңа педагог қажет болады.

    Бұл салада жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл үшін жай ғана 11 және 1 сыныптардың оқушыларының санын салыстыру жеткілікті. Елеулі айырмашылық байқалады: бірінші сынып оқушыларының саны түлектерден екі есеге жоғары.

    Жыл сайын жұмысқа шамамен 25 мың жаңа педагог шығады. Бүгінде олардың санының артуына басымдық берілуде. Министр педагогикалық мамандықтардың PhD, магистратура және бакалавриат деңгейлеріне 3 мың орын көлемінде қосымша гранттар бөлінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Әзірге бұл ұсыныс педагогикалық ЖОО-лар мен колледждер деңгейінде талқылануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.