Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ
    Айғақ MEDIA

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20261 Views

    Асыл қазынамызға жан бітіріп, саусағынан бал тамған шеберлер бүгін бір шаңырақ астына жиналды. Көне өнердің иісі аңқыған көрме орталығы ұлттық мәдениеттің жүрегіне айналғандай. 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара – жай ғана көрме емес, бұл өткен мен бүгінді, тарих пен болашақты жалғаған алтын көпір.Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра демекші сырлы аспапты жасап, келер ұрпаққа аманаттаған шеберлердің еңбегі — өз алдына бір төбе. Көрмеге қатысушылардың бірі – отыз жылдан бері домбыра жасауды кәсіп еткен шебер Нұрлыбек Бөрібеков. Ол үшін домбыра жасау – жай ғана кәсіп емес, ата-анасынан дарыған өнер, отбасылық дәстүрге айналған рухани мұра. Отыз жылдық тәжірибесі бар шебер аспап жасаумен ғана шектелмейді.Домбыраның қадірін білетін ол қос ішекті өзі де шебер шертеді.Ұлттық нақышты заманауи трендке айналдырған – 25 жастағы жас дизайнер Аружан Әскербек алты жылдық тәжірибесі бар сән үйінің негізін қалаушы. Ол кәсібін карантин кезеңінде бастап, Бүгінде қазақ мәдениеті мен ұлттық ою-өрнекті заманауи сән тілінде сөйлетіп, отандық брендті әлемдік сахнаға алып шықпақ.Аружан ханымның туындыларына тән басты ерекшелік – бұйымдардың авторлық сипатта жасалып, асыл тастармен қолдан әрленуі. Бүгінде Брендтің «Қарлығаш» дизайнерлік костюмі мен ұлттық нақыштағы ерекше кәжекейлері үлкен сұранысқа ие.Көрмедегі ерекше экспонат — Санжар Кәрімұлының табиғи саз балшықтан жасаған қыш бұйымдары болды. Шебер дәстүрлі құмыра өнерін жаңғыртып, оған жаңа тыныс сыйлады, Қазіргі таңда Санжар Кәрімұлының басты миссиясы — бұл өнерді мектеп бағдарламасына енгізу.

     Себебі саз балшықпен жұмыс істеу — балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, қол моторикасын дамытудың ең тиімді жолы дейді. Бұл көрме орталығында тек жекелеген бұйымдар емес, тұтас бір ұлттың мәдени рухы мен өмірлік ұстанымдары тоғысты. Дәстүр мен заманауи үрдіс үндескен бұл жәрмеңке — қазақ өнерінің өміршең әрі ешқашан ескірмейтін құндылықтарын паш еткен алаңға айналды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026

    ҚҰТҚАРУШЫ САРБАЗДАР ҚАТАРЫ ЖАСАҚТАЛУДА

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.