Өмірін ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап, артында өшпес із қалдырған Батырбек Өтеповтің есімі ел жадында жаңғыра түспек. Шаһарда қайраткердің 80 жылдығына орай «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Аталған шараға қайраткердің жары Бибіайша Өтепова қатысып, жолдасы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, өмір жолынан сыр шертті. Кеш аясында қайраткердің қолөнер туындылары мен еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Салтанатты жиында шебердің рухани мұрасына айрықша мән берілген. Жарынан қалған аманатқа адалдық танытып, жылдар бойы оның есімін ұлықтап келе жатқан Бибіайша Өтеповаға қала әкімінің атынан арнайы алғыс хат табысталды. Ол қайраткер мұрасын сақтап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа жеткізуге де зор үлес қосып келеді.Бүгінде қалада Батырбек Өтеповтің есімімен аталатын көше мен қолөнер мектебінің болуы — осы еңбектің айқын көрінісі.
Шебердің шығармашылығы — өнермен ғана шектелмейтін, ұлт тарихы мен руханиятын сабақтастырған терең әлем. Жары Бибіайша апайдың айтуынша, ол шындықты ту еткен, елінің болашағына алаңдаған, ұлт мүддесін бәрінен биік қойған азамат. 1992 жылы Батырбек Өтепов 46 жасында кенеттен дүниеден озғанда, артында көптеген аяқталмаған туындылары, жүздеген нобайлары мен идеялары қалған. Сол кезеңде қайраткердің жары өмірлік
жолдасының өнерін өлтірмеуді өзіне парыз санаған
Батырбек Өтеповтің 80 жылдығына арналған еске алу шарасы — өткенді еске түсіру ғана емес, кейінгі ұрпаққа рухани мұраның қадірін ұғындыруға бағытталған маңызды бастама.Қала әкімдігі мен мәдениет саласы өкілдерінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға қайраткердің ұрпақтары мен жақындары да арнайы шақырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерейтой аясында оның есімін ұлықтап, шығармашылық мұрасын кеңінен танытуға бағытталған іс-шаралар жалғасын таппақ. Өнер иесінің адамдық болмысы мен азаматтық ұстанымы ұрпақ жадында ерекше сақталған. Немересі атасын мақтанышпен еске алып, Батырбек Өтеповтің жеке басының пайдасынан гөрі ел игілігін жоғары қойған ар-намысқа адал, ұлтжандылық азамат болғанын тілге тиек еттіАдамның ғұмыр өлшемін жыл санымен емес, артында қалдырған өнегесімен табады. Қайраткердің өнері мен азаматтық ұстанымы — соның айғағы. Есімі ел жадында жаңғырып, шығармалары ұрпаққа жол көрсеткен сайын, шебердің мұрасы да жаңғыра бермек.
30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ
Шымкентте 30 отбасы жалға берілетін және несиелік үйлерге ие болды.Қала әкімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлердің кілтін салтанатты түрде...










