• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

04.11.2026
0

Шымкентте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. Осы мақсатта қалада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік грант беру конкурсы жарияланды.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі. Президент атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдау – экономикалық өсімнің ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің де маңызды тетігі.

Мемлекеттік гранттың негізгі мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, шағын бизнестің әлеуетін арттыру және азаматтардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасау.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.

Байқауға үміткерлер белгіленген нысанға сәйкес электрондық өтінім мен қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынуы тиіс. Өтінімдер 2026 жылғы 4 қарашаны қоса алғанда, тек онлайн форматта kezekte.kz платформасы арқылы қабылданады.

Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жолданған өтінімдер қарауға қабылданбайды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге, әлеуметтік осал топтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ететін маңызды бағыт. Сондықтан мұндай мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлердің жаңа жобаларды жүзеге асыруына серпін беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді.

Байқауды ұйымдастырушы: «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» КММ

Электрондық пошта мекенжайы: msb_shymkent@mail.ru

Байланыс телефондары: +7 (7252) 24-74-22, +7 (7252) 24-75-14.

Байқаудың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру.

Байқау нысаны: ашық байқау (тізілімге енгізілген және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері арасында).

Байқау өтінімдерін қабылдау орны: kezekte.kz (онлайн форматта ғана).

Байқау құжаттамасын ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысанда электрондық өтінім мен байқау құжаттарының толық пакетін ұсынады. Бағдарлама шарттарымен және қажетті құжаттар тізімімен төменде танысуға болады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін (қоса алғанда).

Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Мемлекеттік гранттар беру шарттары

Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер мемлекеттік гранттар алу мақсатында бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяны іске асыру үшін байқауға қатыса алады (грант сомасы 5 млн теңгеге дейін), егер кәсіпкердің қолданыстағы грант шарты болмаса.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары мыналар:

кәсіпкердің мемлекеттік грант сомасының кемінде 20%-ын (ақшалай қаражатпен) бірлесіп қаржыландыруы, соның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік түрінде;

жаңа жұмыс орындарын құру;

жобаны іске асыруға қажетті инфрақұрылымның бар екенін және/немесе оны құру жоспарын көздейтін инвестициялық жоспардың болуы.

Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалана алады:

негізгі құралдарды (соның ішінде негізгі құралдарды салу/модернизациялау/реконструкциялау/капиталдық жөндеу), тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу;

материалдық емес активтерді сатып алу;

технологияларды сатып алу;

кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және (немесе) жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

Мемлекеттік грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

Бизнес-жобаны кәсіпкердің іске асыру мерзімі грант беру шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.

Егер көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге аспаса, алынған негізгі құрал сатылып, жобаны іске асыруға қажетті ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

Мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар

жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;

жалдау ақысы ретінде пайдалануға;

негізгі құралдарды/активтерді (қызметтерді алу/жұмыстарды орындау) кәсіпкермен аффилиирленген/байланысты тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан сатып алуға (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес анықталады);

бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жол берілмейді.

Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (шарт/контракт/жабдықтың паспорты/сапа сертификаты) расталуы тиіс.

жеңіл автокөліктерді сатып алуға, жүк тасымалына арналған, кабинадан бөлек жүк платформасы бар көліктерден басқа, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автокөліктерін және жеңіл көлік құралдарын жалға беру мен прокаттау жобаларынан басқа;

ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара мал, құс, ара және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары) сатып алуға, тамақ өнімдерін өндіру жобаларын қоспағанда, егер олар өңдеу өнеркәсібіне жататын болса.

Мемлекеттік грант қаражаты бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында қолма-қолсыз түрде кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына аударылады (пайдаланылған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).

Бір кәсіпкерге берілетін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 5 (бес) миллион теңгеге дейін белгіленеді, өтінімде көрсетілген сұратылған сомаға сәйкес.

Грант берілмейтін жағдайлар

Мемлекеттік гранттар төменде көрсетілген кәсіпкерлерге берілмейді:

қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған кәсіпкерлерге;

салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар кәсіпкерлерге;

негізгі қызметі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге;

мемлекеттік грант сомасының кемінде 20%-ын (ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) бірлесіп қаржыландыруды өтінім берген кезде растамаған кәсіпкерлерге;

мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары тізілімінде тұрғандарға;

кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;

жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында);

басқа өңірде тіркелген және өз бизнес-жобасын байқау өткізілетін өңірден тыс жерде іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге.

Байқау комиссиясының шешім қабылдау критерийлері

Байқау комиссиясы мемлекеттік гранттарды жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін беру/бермеу туралы шешімді төмендегі критерийлер негізінде қабылдайды (оның ішінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып):

бизнес-идеялардың әлеуметтік бағыттылық деңгейі / «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша өңірлік өнім рейтингі;

бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық сұраныстың зерттелуі – маркетингтік талдау);

жобаны іске асыруға дайындық деңгейі (өндірісті ұйымдастыру, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың бар болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосуға дайындық деңгейі).

Әлеуметтік бағыттылық деңгейі критерийіне жұмыспен қамтуды арттыруға, табысты ұлғайтуға, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге, инклюзияға, экологиялық тұрақтылыққа, қызмет көрсетуге, жұмыс орындауға және әлеуметтік қолдау саласындағы жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануға бағытталған жобалар жатады.

Қажетті құжаттар

Байқауға қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім бере алады. Өтінімдер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

Мемлекеттік грант алу үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға үміткер кәсіпкерлер келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін PDF форматында өтінімге қоса тіркейді:

өтінім берген сәттегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы, басшының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған анықтама;

бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстардың кемінде 20%-ын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар – кәсіпкердің ағымдағы шотындағы ақшалай қаражаттың бар екені туралы банк шотының үзіндісі немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

кәсіпкердің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ: ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨТКЕЛ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып, теміржол үстінен өтетін автокөлік өткелі толық пайдалануға берілді Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жол...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман даярлау – бүгінгі білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, цифрлық технологиялар...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Шым» қалалық акциясы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

ЕКІ РЕТ ЕГІЗ СҮЙГЕН АНА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ ӘКЕЛДІ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте ерекше қуанышты оқиға тіркелді. Бұған дейін екі рет егіз босанған көпбалалы ана бұл жолы үшемді дүниеге әкелді. Қос қыз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

БАСПАНА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ – ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ: ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарды қолдау жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен рәсімде 30 отбасыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА БАҒДАР

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАН АЛАҢ: ШЫМКЕНТ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯСЫН ЕЛОРДАДА ТАНЫТТЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкент қаласының шығармашылық әлеуетін ел көлемінде таныту, ұлттық өнерді дәріптеу және креативті кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жаңа мазмұнмен жалғасуда. 24–25...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.