• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп берді

17.02.2017
0

esep55Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруде. Онда әкім өткен 2016 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндауда.esep4Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ.Айтаханов пен Ә.Бектаев жəне ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы М.Имандосов қатысты.esep2

Айта кетейік, өңір басшысының халық алдындағы жылдық есебі биыл алғаш рет онлайн режимде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz сайтынан көрсетіліп, 3 миллионға жуық халқы бар күнгей тұрғындарын қамтуда. Сондай-ақ, қазіргі Түркістан сарайында өтіп жатқан жылдық есептен бөлек, әрбір аудан, қалалардағы әкімдіктерде де жергілікті халық жиналып, жалпы саны 5 мыңнан астам Оңтүстік тұрғыны атқарылған жұмыстардың барысын онлайн режимде тыңдауда.esep

Өткен 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған өңір басшысы өнеркәсіп саласында 776,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  2015 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артқанын айтты. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 3 орынды иеленіп отыр. Индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасының аясында былтыр 19 жоба іске қосылып, 600-ден астам жұмыс орны ашылды.  2016 жылы индустриалды аймақтарында 15 жоба іске қосылып,  6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жалпы, облыстағы индустриалды аймақтарда 200,5 млрд.теңгеге 170 жобаны іске асырып, 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.
  «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 303 жобаға қолдау көрсетіліп,  2126 жұмыс орны құрылды.  Барлық аудан, қалаларда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары» арқылы 37 232 адамға көмек көрсетілді. Облыс экономикасына өткен жылы 380,6 млрд.теңге инвестиция тартылды.
esep3
  Есепті жылы облыста 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласында 4 нысан, білім саласында  39, ал мәдениет саласында 8, спорт саласында 2 нысан  қолданысқа берілді. Сондай-ақ,  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 18,8 млрд. теңге игеріліп, нәтижесінде 72,2 мың адам қамтылып, осы бағдарлама аясында 36,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Өткен жылы аймақта 24 ауыз су,  25 табиғи газ нысандары пайдалануға берілсе, 640,9 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өткен 2016 жылы атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана.
  «Соңғы жылдары облыстың агроөнеркәсіптік өндірісінің дамуында оң үрдістер байқалып отыр. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің өсу динамикасы сақталып, егін шаруашылығын әртараптандыру, асыл тұқымдандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл мемлекеттің белсенді бюджеттік саясатының арқасында мүмкін болуда. Есепті жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 445 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% артты. Егіс көлемі 13 мың гектарға ұлғайып, 788,8 мың гектар болды»,- деді әкім.
  Айта кету керек, Оңтүстік диқандары былтыр орташа есеппен 633 мың тонна дәнді дақыл жинаса, ол  2015 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артық. Дәнді дақылдың түсімділігі орташа 25,1 цн/га құрап, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Сонымен қатар, 2016 жылы 1060 мың тонна  көкөніс, 1264 мың тонна  бақша өнімдері, 268 мың тонна картоп, 287 мың тонна  мақта жиналды. Бұл жоғарғы өнімділік еңбекқор да іскер жерлестеріміздің арқасы деп білеміз.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

И.Әбішев: «ПУИД-2 – Мемлекеттің Мақтаралға құйған инвестициясы»

Next Post

Қазақстан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы маусымда болады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.