Бір оқпен екі қоян ату деген осы шығар. Қаржылық мониторинг агенттігі жастар арасында алғаш рет «Қаржы сақшысы» атты республикалық интеллектуалды ойын өткізді. Жас өрендер алаяқтарға алданбаудың жолдарын меңгерді. Ал үздіктер қомақты сыйақыға ие болды. Негізгі жүлде 1 млн теңге.
«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің әр өңірінен мыңнан астам жас жиналды. Бастапқыда байқауға 116 команда қатысады деп жоспарланған. Алайда ережеге сәйкес, олардың саны 109 командаға өзгерді. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сынап, қаржы саласындағы сауаттылығы мен тапқырлығын көрсетті.
Жарысқа қатысушылардың арасында белсенділік танытып, өз білімін сынауға келген жастардың қарасы қалың. Олар үшін мұндай сайыс қаржы мәселелерін тереңірек түсінуге ғана емес, алаяқтық әрекеттерден сақтанудың жолдарын үйренуге де мүмкіндік береді.
Сайыстағы жүлде 1 млн теңгемен шектелмейді. екінші орынға – 500 мың, үшінші орынға – 300 мың теңге беріледі. Бұдан бөлек, белсенділік танытқан тағы 10 команда 100 мың теңгеден сыйақы алады. Яғни жастардың білімі де сыналып, еңбегі де ескерусіз қалмақ емес.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare