Елімізде қыркүйек айы цифрлық қауіпсіздік айы болып жарияланған. Осыған орай Шымкентте кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында форум өтті. Жиында еңбек заңнамасына енгізілген киберқауіпсіздік нормалары, интернет-алаяқтықтың алдын алу және дербес деректерді қорғау мәселесі талқыланды. Көрме орталығында кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік форумында цифрлық кеңістіктегі киберқауіптердің алдын алу мәселелерін талқыланып жатыр. Форум аясында сала мамандары ақпараттық қауіпсіздікті нығайту жолдарын қарастыратын боладыІс-шараның басты мақсаты – интернет кеңістігінде қауіпсіздікті сақтау, жеке деректерді қорғау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Форум барысына қатысушылар киберқауіпсіздік мәселелерін талқылап, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу, жеке ақпаратты қорғау және кибергигиена ережелерін сақтау бойынша өзекті мәліметтермен бөлісті.
Цифрлық технология дамыған заманда әлеуметтік желі арқылы айласын асыратындар да көбейді. Мәселен жыл басынан бері алаяқтарға алданып қалған азаматтардың 250миллионға жуық ақшасы қайтарылып, қылмыстық іс қозғалған.
Күмәнді сілтемені ашпау,бейтаныс адамға келген кодты айтпау, құпия сөзді қорғау сияқты қарапайым ережелерді еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа білуі тиіс дейді мамандар.Қауіпсіздік – тек мамандардың ғана емес, интернетті пайдаланатын әрбір адамның ортақ жауапкершілігі. Қарапайым кибергигиена ережелерін сақтау арқылы өзімізді және жақындарымызды көптеген цифрлық қауіптен қорғай аламыз.











