Шымкенттегі №79 мектепте өткен сабақтың мәні де, мазмұны да бөлек болды. «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттың рухани қазынасы» атты іс-шара аясында оқушылар ұлттық қолөнердің қыр сырын үйреніп, үлкендердің өнегесін тыңдады. Жиынның мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, атадан балаға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді насихаттау. Аға буынның ақылы мен өнегесі, жас ұрпақтың талпынысы тоғысқан бұл шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі. Өйткені дәстүр ұмытылмаса – ұлттың рухы өшпейді.
Аталған жиынға Қаратау ауданы ардагерлер ұйымының өкілдері, мектеп ұжымы, ауылдың ақсақалдары мен әжелері қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іске өз үлестерін қосты. Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі демекші шара барысында ақ жаулықты әжелеріміз оқушы қыздарға халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін танытатын сахналық көріністер қойды. Атап айтқанда құрақ құрау, жүн түту, көрпе тігу сынды ұлттық қолөнер түрлерін көрсетіп, олардың тәрбиелік мәні мен ұрпаққа берер тағылымын кеңінен насихаттады. Қыз қолындағы құрақ – ұлт тұтастығының белгісіндей. Бүгінгі жас буын ұлттық мұраны танып қана қоймай, оны өз қолымен жасап, жүрегімен сезінді. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас ұрпақты ата дәстүрін құрметтеп, ұлттық мұраны сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізуге тәрбиелейді. Іс-шара соңында қазақ халқының салт-санасы, ұлттық мәдениеті мен рухани құндылықтарының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы айқын көрініс тапты.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare