Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты рейдтер күшейтілді. Жыл басынан бері қалада ережені өрескел бұзған 9 кортеж тоқтатылып, 120-ға жуық автокөлік арнайы айыптұраққа қойылған. Құқық бұзушылық жасаған 22 жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды. Оның 12-сі жол үстінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Бұдан бөлек, 18 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция қаладағы бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысын тұрақты бақылауда ұстап, әлеуметтік желілерге де мониторинг жүргізіп отыр. Құқық қорғау органдары жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП
Шымкент қаласы аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тиісті ережелерді сақтамау өрттің шығуына, адамдардың жарақат алуына және тұрғындардың тыныштығының...










