Шымкентте құрылысы созбаланға салынған Алтынсарин көшесі техникалық режимде көлік қозғалысына ашылды. Бұл қаладағы ірі жол инфрақұрылымы жобаларының бірі. Жалпы, шаһарда көлік қозғалысын оңтайландыруға бағытталған құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Жол құрылыстарының барысы қала әкімінің тұрақты бақылауында.
Екі жылға созылған жөндеу жұмыстарынан кейін күні кеше Ы. Алтынсарин көшесінің М. Шоқай көшесінен Тұран шағынауданына дейінгі екі шақырымдық бөлігі техникалық түрде көлік қозғалысына пайдалануға берілді. Енді бұл бағыт қала аудандары арасындағы қатынасты жеңілдетіп, Бәйдібек би даңғылындағы жолайрық құрылысына байланысты артқан көлік жүктемесін азайтуға ықпал етеді. Дегенмен, бұл жол әзірге техникалық режимде ғана ашылды. Ал жүргізушілерді мазалайтын басты сұрақ – жол толық қашан ашылады? Құрылыс жұмыстарының қай кезеңі қалды? Және жаңа жол қаладағы кептеліс мәселесін қаншалықты шеше алады? Осы сауалдарды жауапты сала мамандарына қойған едік.
Негізінен жобаның ұзаққа созылуына құрылыс аумағындағы жер телімдері мен тұрғын үйлерді мемлекет мұқтаждығына алу рәсімдерінің уақыт алуы себеп болған. Қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Ыбырай Алтынсарин көшесі төрт жолақты заманауи магистральға айналады. Ауа райы қолайлы болған соң асфальттың екінші қабаты төселіп, оң жақ бұрылыс жолақтарының құрылысы аяқталады.
Қаладағы тағы бір маңызды жол инфрақұрылымы жобасы – Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылысы. Нысан пайдалануға берілген соң көліктің өткізу қабілеті екі есеге артады деп күтілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандардың айтуынша, жолайрық биыл пайдалануға беріледі.
Басқарма басшысы атап өткендей жоба аясында ені 80 метр болатын төрт және алты жолақты автомагистраль, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынады. Сонымен қатар қалада Қаратау ауданындағы Таскен тұрғын алабын Тұран шағынауданымен байланыстыратын Ақсүмбе көшесінің жалғасының құрылысы жүріп жатыр. Ұзындығы 1,7 шақырым болатын жолда инженерлік желілерді тарту және жол құрылысы жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін толық пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, жаңа жол бойында аяқжолдар мен көше жарығы орнатылады. Сондай-ақ инженерлік желілерді көшіру жұмыстары да жүргізіледі. Жалпы Шымкентте жаңа жолдар салу, жолайрықтар мен көпірлер тұрғызу, сондай-ақ көшелерді жаңғырту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. Бұл жобалар көлік жүктемесін азайтып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok











