Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімінің сарбаздары «Сарбаз Олимпиадасында» күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасында алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 14 командадан 322 қатысушы қатысып, бес спорт түрінен бақ сынады.
«Оңт
үстік» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен өткен чемпионат сарбаздардың дене дайындығы мен жауынгерлік шеберлігін сынауға бағытталды. Қатысушылар армиялық жекпе-жек, волейбол, әскери көпсайыс, бірыңғай кедергілер жолағы және шахмат бойынша сынға түсті. Тартысты дода қорытындысында Тараз гарнизонының 85395 әскери бөлімі бірінші орын алса, Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімі екінші орынға тұрақтады. Ал үздік үштікті Жаркент гарнизонының 74261 әскери бөлімі түйіндеді. 35748 әскери бөлімінің дене дайындығы және спорт қызметінің бастығы, лейтенант Жансейтқожа Сейткәрім.
Жалпы жарыс барысында шымкенттік сарбаздар жоғары физикалық дайындықтарын, ұйымшылдығы мен төзімділіктерін көрсетті. Әсіресе армиялық жекпе-жек, волейбол және әскери көпсайыс түрлерінде үздік нәтиже көрсетіп, команданың жалпы есепте күміс жүлдеге ие болуына үлес қосты. Айта кетейік, Бұл жарыста үздік нәтиже көрсеткен командалар алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы кубогы үшін өтетін республикалық чемпионатта бақ сынайтын болады.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok









