Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтар білікті заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңгерлік көмекті қолжетімді ету.












