Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
    Айғақ TV

    ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкенттік чемпиондар жеңіспен оралды. Бакуде өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Әлемнің 30-ға жуық елінен келген мықтылар арасында шаһар балуандары да өз шеберлігін дәлелдеп, жүлделі орындардан көрінді.   Әзірбайжан астанасы Баку қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 30-ға жуық елінен үздік балуандар қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде чемпиондық атақ сарапқа салынды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижелер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Солардың қатарында Шымкент қаласының спортшылары да бар.

    74 келі салмақта белдескен Жұмажан Қожамбеков қарсыластарының барлығынан басым түсіп, Әлем чемпионы атанды. Бұл — шымкенттік балуанның әлемдік аренадағы кезекті жеңісі. Жұмажан Қожамбеков осылайша бес дүркін әлем чемпионы деген биік атаққа қол жеткізді. Ел мерейін үстем еткен спортшы алдағы жарасытардада жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барымды саламын деді.

    Сондай-ақ,  әйелдер арасындағы бәсекеде Шымкент спортшысы Севара Нишанбаева да үздіктер қатарынан көрінді. 70 келі салмақта сынға түскен балуан күміс жүлдені иеленіп, Қазақстан қоржынына бағалы медаль қосты. Жарыста соңына дейін табандылық танытқан Севараның нәтижесі — ел спорты үшін маңызды жетістік. Чемпиондарды әуежайдан қарсы алған сәтте жақындары ақжарма тілектерін айтып, гүл шоқтары мен ыстық ықыластарын жеткізді. Жеңіс жолынан оралған балуандарды жанкүйерлер қол соғып, ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Бұл — спортшылар үшін үлкен қолдаудың және еңбектің еленгенінің көрінісі. Ал шымкенттік чемпиондардың жеңісі жас спортшыларға жаңа серпін беріп, көк байрақты биіктерде желбіретуге жігерлендіреді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.